---
title: "Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуі"
description: "Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында қойған стратегиялық міндеттерд..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-08-17T22:57:49+00:00"
modified: "2017-08-17T22:57:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-ta-ylymdamadan-tui-775992"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-ta-ylymdamadan-tui-775992/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуі

> Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында қойған стратегиялық міндеттерд...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/waN4uJ70OO6no8UPf2INYzELdXoyKy.jpg) Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында қойған стратегиялық міндеттерді орындау үшін мықты мемлекеттік аппарат қажет. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейіне қойылатын талаптар артуда.

Атап айтқанда, қойылған міндеттерді орындау үшін мемлекеттік қызметші өзінің білім деңгейін жетілдіріп, біліктілігін арттыру, қайта даярлау және тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болуы қажет.

Әрбір мемлекеттік қызметшіні оқыту тұрақты сипатта болуы қажеттілігі сөзсіз, яғни «базалық» білім нәтижесінде алған білімдерін жаңарту және өзінің кәсіби қызметінде қолданатын жаңа білімдер алу мақсатында оның кәсіби мансабының ағымында жүзеге асырылуы тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуі білім берудің бір түрі болып табылады. Тағылымдама мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның жолдауы бойынша жұмыс орнынан тыс жерде, кәсіби білім мен тәжірибе жинақтау мақсатында, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өту ережелеріне сәйкес өткізіледі.

Мемлекеттік қызметші оның қызметінің функционалдық бағыттарына сәйкес мемлекеттік органдарда, оның ішінде жоғары тұрған (төмен тұрған) органдарда, ұйымдарда, сондай-ақ шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі мүмкін.

Тағылымдаманың мерзімі мемлекеттік орган бекіткен кестелерге сәйкес үш айдан аспайтын мерзімге белгіленеді. Тағылымдамадан өтудің ең аз мерзімі – 5 күн.

Тағылымдама – жұмыс тәжірибесін жинақтау, теориялық білімдерді бекітудің түрі. Әр тағылымдама жұмысқа пайдалы әсерін тигізетін оң тәжірибе беруі мүмкін. Алынған дағдылар мен білімдер жас маманның өсіп, жетілуіне берік негіз жасайды.

Жеке жоспар тағылымдаманың ажырамас бөлшегі болып табылады, онда дамудың мақсаттары мен тағылымдамадан өтушінің нақты әрекеттерінің тәртібі көрсетіледі. Олар өз кезегінде тағылымдамадан өтуші қызметкердің орындауына бақылау жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда тағылымдама маманның кәсіби беделін арттыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде тек қызметкердің өзіне ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік ведомство үшін де маңызды.

Тағылымдаманың қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметшілер білімдерін тиянақтап, оларды одан әрі жұмыста қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар қалыптастырады.

 

**Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті**

**Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы**

**Баямбаева Айнұр Серікқалиқызы**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-ta-ylymdamadan-tui-775992](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-ta-ylymdamadan-tui-775992)