---
title: "Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік заңнамасында көзделген өзгерістер туралы семинар"
description: "Ағымдағы жылдың 18 наурызында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша д..."
author: "StopCorruption"
published: "2016-03-31T03:39:34+00:00"
modified: "2016-03-31T04:36:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-t-rtiptik-zhauapkershilik-za-namasynda-k-zdelgen-zgerister-turaly-seminar-686414"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-t-rtiptik-zhauapkershilik-za-namasynda-k-zdelgen-zgerister-turaly-seminar-686414/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік заңнамасында көзделген өзгерістер туралы семинар

> Ағымдағы жылдың 18 наурызында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша д...

Ағымдағы жылдың **18** **наурызында** ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Маңғыстау облысы әкімдігімен бірлесе отырып облыс әкімдігінде тәртіптік жауапкершілік заңнамасындағы көзделген өзгерістер тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға облыс әкімдігінің және облыс аппаратының қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында департаменттің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының өкілі **Сұлтан Сахан** жиналған мемлекеттік қызметкерлерге жаңадан құрылған департаменттің мақсаты мен міндеттері, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңдарының талаптарын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар Департаменттің өкілі мемлекеттік қызметте және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы басты өзгерістері және мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі жөнінде сөз қозғалды.

Жиынға қатысқан мемлекеттік қызметкерлер тақырыпқа сәйкес өз ой-пікірлерін ортаға салып, көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Іс-шара өзінің мәреленген мақсатына жетті.

![Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік заңнамасында көзделген өзгерістер туралы семинар](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/vBE0E9b33F4M8wOgpi9eIx44c6PlX4.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-t-rtiptik-zhauapkershilik-za-namasynda-k-zdelgen-zgerister-turaly-seminar-686414](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-t-rtiptik-zhauapkershilik-za-namasynda-k-zdelgen-zgerister-turaly-seminar-686414)