---
title: "Мемлекеттік қызметшілердің ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды"
description: "Ағымдағы жылдың 22 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл а..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-05-23T02:42:36+00:00"
modified: "2017-05-23T02:42:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-r-prezidentini-zhanynda-y-memlekettik-bas-aru-akademiyasyny-kilderimen-kez-767577"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-r-prezidentini-zhanynda-y-memlekettik-bas-aru-akademiyasyny-kilderimen-kez-767577/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметшілердің ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды

> Ағымдағы жылдың 22 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл а...

Ағымдағы жылдың 22 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Академияға түсу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

Сонымен қатар, іс-шараға Аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының қызметкерлері мен тыңдаушылары қатысты.

Іс-шара барысында Академияның қызметі, халықаралық ынтымақтастық мәселелері, оқыту бағдарламалары туралы Академияның жұмысы және ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-ректор А.А. Ахметов сөз сөйледі.

Түсетін мерзімдері мен кезеңдері туралы Академияның Академиялық бағдарламалар орталығы басшысының орынбасары А.Т.Абжанов хабарлады.

Іс-шараға 75 мемлекеттік қызметші қатысты. Кездесуге қатысушылардың қойған сұрақтарының барлығына жан-жақты жауап берілді.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/dsc_0013_1.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-r-prezidentini-zhanynda-y-memlekettik-bas-aru-akademiyasyny-kilderimen-kez-767577](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-r-prezidentini-zhanynda-y-memlekettik-bas-aru-akademiyasyny-kilderimen-kez-767577)