---
title: "Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекелері аталып өтті"
description: "2016 жылдың 23 маусымында Ақмола облыстық филармониясында Мемлекеттік қызметші күніне арналған салта..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-06-23T05:35:55+00:00"
modified: "2016-06-23T05:35:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-k-sibi-merekeleri-atalyp-tti-699243"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-k-sibi-merekeleri-atalyp-tti-699243/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекелері аталып өтті

> 2016 жылдың 23 маусымында Ақмола облыстық филармониясында Мемлекеттік қызметші күніне арналған салта...

2016 жылдың 23 маусымында Ақмола облыстық филармониясында Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара өмір жолдарындағы маңызды сәт Мемлекеттік қызметші күнімен сәйкес келген жас мемлекеттік қызметшілердің ант беруінен басталды.

Мерекеге қатысушыларды кәсіби мерекелерімен Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н. Нұркенов, Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Қ. Жапақов құттықтады.

Облыс өңірінің 20-дан астам мемлекеттік қызметшісі үлгілі мемлекеттік қызметі үшін Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен, департамент басшысының құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар, мол тәжірибе жинақтап, оны жас мемлекеттік қызметшілерге дарытқан мемлекеттік қызметтің ардагерлеріне алғыс хаттар табысталды

500

![Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекелері аталып өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/H608Eoq97JUe4YI2P7h1wpeGUY9h3i.jpg)

шақты адам қатысқан іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-k-sibi-merekeleri-atalyp-tti-699243](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-k-sibi-merekeleri-atalyp-tti-699243)