---
title: "Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормалары түсіндірілді"
description: "Ағымдағы жылдың 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2018-09-27T19:45:54+00:00"
modified: "2018-09-27T19:45:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-dep-kodeksi-normalary-t-sindirildi-815468"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-dep-kodeksi-normalary-t-sindirildi-815468/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормалары түсіндірілді

> Ағымдағы жылдың 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа...

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру мақсатында, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс инспекциясы қызметкерлерімен жиын өткізілді.

Жиын барысында Департаменттің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы Гулсим Давлетова, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне қатысты негізгі міндеттерін түсіндірді.

Жиын жұмысы соңында мемлекеттік қызметшілерді қызықтыратын мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға сәйкесінше түсінік берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-dep-kodeksi-normalary-t-sindirildi-815468](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-dep-kodeksi-normalary-t-sindirildi-815468)