---
title: "«Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы»» МКҚК-де оздырылған дөңгелек үстел"
description: "Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және мақсат-міндеттерін түсіндіру ма..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-01-28T05:43:44+00:00"
modified: "2015-01-28T05:43:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-ayta-dayarlau-biliktiligin-arttyru-zh-ne-memlekettik-tildi-o-ytu-ortaly-y--464671"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-ayta-dayarlau-biliktiligin-arttyru-zh-ne-memlekettik-tildi-o-ytu-ortaly-y--464671/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы»» МКҚК-де оздырылған дөңгелек үстел

> Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және мақсат-міндеттерін түсіндіру ма...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және мақсат-міндеттерін түсіндіру мақсатында 27 қаңтар күні сағат 15.30-да Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы»» МКҚК-де мемлекеттік қызметке жаңа қабылданған және басшы лауазымына алғаш тағайындалғандардың қатысуымен (40 адам) дөңгелек үстел өткізілді. Күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы»-ның мақсаттары мен міндеттері және Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік Кодексіне енгізілген өзгерістер, БҚО-дағы Тәртіптік кеңестің жұмысы, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелін анықтау жолдары туралы мәселелер қаралды.Қатысушылар отырыс барысында Стратегияның бағыттары бойынша қызу пікір-алмасып, жемқорлыққа қарсы актінің маңыздылығы мен оның уақытылы қабылданғандығын айтты.Дөңгелек үстелді департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Н.Б.Сүйінбаев пен «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы»» МКҚКдиректоры Ә.Б.Серғалин қорытындылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-ayta-dayarlau-biliktiligin-arttyru-zh-ne-memlekettik-tildi-o-ytu-ortaly-y--464671](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-ayta-dayarlau-biliktiligin-arttyru-zh-ne-memlekettik-tildi-o-ytu-ortaly-y--464671)