---
title: "Мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау туралы"
description: "А.ж. 23 желтоқсанында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Ұлт жоспары - бес..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-12-27T23:00:45+00:00"
modified: "2016-12-27T23:00:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-attestattau-turaly-742077"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-attestattau-turaly-742077/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау туралы

> А.ж. 23 желтоқсанында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Ұлт жоспары - бес...

А.ж. 23 желтоқсанында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бірінші реформасын іске асыру аясында «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалының арнасында «Актуальная тема» телехабарында мемлекеттік қызметті реформалау мәселелері тақырыбындағы тікелей эфир ұйымдастырды.

Хабарға Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Райхан Братаева қатысты.

Сұхбат барысында «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің аттестациясын өткізудің негізгі тәсілдері талқыланды. Қоғамдық кеңестер, ғылыми-сараптамалық, академиялық ортаның, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіретін аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/23.12.2016_efir_.png)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-attestattau-turaly-742077](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerdi-attestattau-turaly-742077)