---
title: "Мемлекеттік қызметшілер сайысқа түсті"
description: "Ағымдағы жылғы 14 тамызда өткен Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық Күніне Департаменттің құрам..."
author: "finpolsko"
published: "2015-08-18T00:13:25+00:00"
modified: "2015-08-18T00:13:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-sayys-a-t-sti-530800"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-sayys-a-t-sti-530800/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметшілер сайысқа түсті

> Ағымдағы жылғы 14 тамызда өткен Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық Күніне Департаменттің құрам...

![Мемлекеттік қызметшілер сайысқа түсті](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/j9cNYExbbv0JgQIjjpI1AY5HoMSght.jpg)

Ағымдағы жылғы 14 тамызда өткен Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық Күніне Департаменттің құрама командасы да ат салысты. 150-ден астам адамды құраған сайыста бағын сынауға, аймақтың мемлекеттік органдарының 16 командасы қатысты.Мемлекеттік Әнұранның шырқалуымен ашылған салтанатты жиында сөз алған, Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы, Тәртіптік кеңес мүшесі Ж. Ахметова жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» тиімді іске асыру үшін мемлекеттік қызметшілер әрқашан жігерлі де шымыр болулары тиіс, осы орайда салауатты өмір салтын ұстануда спортпен шұғылданудың пайдасы зор екендігін атап өтті.

![Мемлекеттік қызметшілер сайысқа түсті](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/0x4ZsoCW0DcZt1fNOZ2slhNBVktVUn.jpg)

Сайыс ұзындыққа секіру, эстафеталық жарыс және түрлі қашықтықтардағы жүгіру кезеңдері бойынша өтті. Нәтижесінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті жалпы командалық есепте жүлделі үшінші орынды иеленді.Доданың жекелей сындарында алдарына жан салмаған Департамент қызметкерлерінің тізімі келесідей:- Е.Ф. Степаненко 1-ші орын(60м. жүгіру);- З.С. Байғаскина 1-ші орын (60м. жүгіру);- С.Т. Сәдуақасов3-ші орын (1500 м. жүгіру);- командалық эстафеталық жарыста Р.С.Байжанов, М.С. Мұрзатаев, Е.Ф. Степаненко, Л.Қ. Жүнісова 3-ші орынға қол жеткізді;- қыздар арасындағы топтық ұзындыққа секіруде Е.Ф. Степаненко, Ж.Ғ. Нұрмұқанова, Н.С. Жүкенова,Л.Қ. Жүнісова қола медальді еншіледі.Департамент қызметкерлерінің биіктен көрінуінің себебі –олардың дене шынықтырумен айналысуларына басшылық тарапынан қолдау көрсетіліп, барлық жағдай жасалғандығының арқасы деп білеміз.

![Мемлекеттік қызметшілер сайысқа түсті](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/41o3sx7D7JkRjlF0tJ07mxXYL8bFUg.jpg)

![Мемлекеттік қызметшілер сайысқа түсті](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/4c1y52KOaxgBGz55BT0N0bJ5RgQcp2.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-sayys-a-t-sti-530800](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-sayys-a-t-sti-530800)