---
title: "Мемлекеттік қызметшілер Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын сипаттайтын қойылым өткізді"
description: "Ағымдағы жылдың наурыз айының басында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік ба..."
author: "Nurbol_Konzhar"
published: "2019-03-12T13:14:47+00:00"
modified: "2019-03-12T13:14:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-dep-zh-nindegi-ke-esti-zh-mysyn-sipattaytyn-oyylym-tkizdi-828138"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-dep-zh-nindegi-ke-esti-zh-mysyn-sipattaytyn-oyylym-tkizdi-828138/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметшілер Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын сипаттайтын қойылым өткізді

> Ағымдағы жылдың наурыз айының басында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік ба...

Ағымдағы жылдың наурыз айының басында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметшілердің әдептілік, құқықтық деңгейін көтеру және Әдеп жөніндегі кеңестің атқаратын қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен қойылым өткізілді.

![Мемлекеттік қызметшілер Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын сипаттайтын қойылым өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/415080/d4803a66f23a4126095776ae755b77.jpg)

Қойылымның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін көтеру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет саласына қатысты қолданыстағы заңнаманы тәжірибелік мысалдарға қолдану.

![Мемлекеттік қызметшілер Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын сипаттайтын қойылым өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/415080/088cbce6cbb8d793414a1cfd0d75f7.jpg)

Әдеп жөніндегі кеңес отырыстары қалай өтеді және қандай мақсатта өтеді? Өз араларынан кеңес төрағасы мен мүшелерін бекітіп, шартты түрде бір жағдайды басшылыққа ала отырып, әдеп нормасын бұзған мемлекеттік қызметшінің ісі талқыланды.

![Мемлекеттік қызметшілер Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын сипаттайтын қойылым өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/415080/cdb9c965c52d107eb28a050817df26.jpg)

Мазмұнына қарай қойылым белгілі бір ауылдық округтің әкіміне қатысты қозғалған тәртіптік іс бойынша, оған қатысты жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру барысында әдеп нормаларын бұзу деректерін анықтау, сонымен бірге тәртіптік істің қорытындысын қарау нәтижесі бойынша көрсетілді. Қойылым барысында бірі ауыл әкімінің рөліне енсе, бірі шағымданушы ауыл тұрғыны болып Әдеп жөніндегі кеңес отырысын өткізді.

![Мемлекеттік қызметшілер Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын сипаттайтын қойылым өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/415080/d4960468165127b9f851f5963c8802.jpg)

Мемлекеттік қызметшілер адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларын сақтауы тиіс. Азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруы керек.

![Мемлекеттік қызметшілер Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын сипаттайтын қойылым өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/415080/31aa2af9a5ce3576d089ab0e9dc9bc.jpg)

Қойылымға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлері, Академия филиалының ұстаздары мен дәріс алушы мемлекеттік қызметшілер қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-dep-zh-nindegi-ke-esti-zh-mysyn-sipattaytyn-oyylym-tkizdi-828138](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-dep-zh-nindegi-ke-esti-zh-mysyn-sipattaytyn-oyylym-tkizdi-828138)