---
title: "Мемлекеттік қызметшілер аттестация өткізу ережерімен таныстырылды"
description: "Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-01-17T21:52:32+00:00"
modified: "2017-01-17T21:52:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-attestaciya-tkizu-erezherimen-tanystyryldy-749769"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-attestaciya-tkizu-erezherimen-tanystyryldy-749769/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметшілер аттестация өткізу ережерімен таныстырылды

> Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ...

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А.Тиесовтың қатысуымен Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мен Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерә басқармасы мемлекеттік қызметшілеріне 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіру тақырыбына семинар ұйымдастырылды.Жиналған қызметшілер аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды. Аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді. Семинар барысында қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап берілді. Іс-шараға 47 мемлекеттік қызметші қатысты.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/sam_2606.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-attestaciya-tkizu-erezherimen-tanystyryldy-749769](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-attestaciya-tkizu-erezherimen-tanystyryldy-749769)