---
title: "Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру"
description: "А.ж. 17 сәуірде Агроөнеркәсіптік кешендегі Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының ұжымымен «Мемлеке..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-04-18T07:39:32+00:00"
modified: "2017-04-18T07:39:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-arasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-763954"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-arasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-763954/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

> А.ж. 17 сәуірде Агроөнеркәсіптік кешендегі Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының ұжымымен «Мемлеке...

А.ж. 17 сәуірде Агроөнеркәсіптік кешендегі Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының ұжымымен «Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері Д. Каконов қатысты.

Кездесу барысында Д. Каконов тыңдаушылардың назарын Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылу барысына, сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдеріне аударды.

Сонымен қатар, спикер ұжымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі мен құқық бұзушылықтардың барлық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған жұмыстың 2016 жыл бойынша қорытындыларымен таныстырды және қазіргі уақытта жұмыстың сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күреске емес, оның алдын алуға бағытталғаны туралы айтты.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдануға қатысты сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/dsc04178.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-arasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-763954](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-arasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-763954)