---
title: "Мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады!"
description: "Ағымдағы жылғы 27 тамызда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентт..."
author: "finpolsko"
published: "2015-09-01T23:06:57+00:00"
modified: "2015-09-01T23:06:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-ant-abyldady-535606"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-ant-abyldady-535606/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады!

> Ағымдағы жылғы 27 тамызда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентт...

![Мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/Lshf9i2Ry52ceLGVJqoX5MO71ghLX1.jpg)

Ағымдағы жылғы 27 тамызда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп, мемлекеттік қызметке алғаш рет орналасқан, облысымыздың 9 мемлекеттік қызметшісінің салтанатты ант қабылдау рәсімін өткізді.

![Мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/h20Z97G5u4EB47qoH8SOYmx4aJeFHj.jpg)

![Мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/ZXOwyqAns3CJ87Ti8od0xh3g3sQfT5.jpg)

Жас мамандарға облыс әкімі аппаратының басшысы Мадияр Қожахмет пен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Светлана Зайцева өздерінің ізгі тілектері мен құттықтауларын жолдады.

Салтанатты жиында мемлекеттік-құқықтық қатынастар және көп ұлтты мемлекеттің жарқын өміріндегі Конституцияның мызғымас рөлі ерекше атап өтілді.

![Мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/B6a3094P1x91RYg2Vmc5nCXHV65bzk.jpg)

«Конституцияның мерейтойы – бұл өткен жылдарды сараулау мен бағалау ғана емес, алдағы даму кетіктерін ойластырудың бір амалы. Мемлекет басшысы институционалды жетілудің негізгі бағыттарын айқындады. Ендігі кезек мемлекеттік қызметшілерде. Қоғам мен мемлекет тарапынан артылған сенімді толықтай ақтау қажет, себебі біздің міндет – халыққа қызмет»- деп, С. Зайцева жас мамандарға сәттілік тіледі.

![Мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/9hqfYVRTpi9ZJdek2j3KR17mPriizQ.jpg)

Шара барысында облыс әкімі аппаратының басшысы қызметімен ерекшеленген әкімдіктің қызметкерлеріне, сонымен қатар мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Светлана Зайцеваға Конституцияның 20 жылдығына арнайы әзірленген мерейтойлық төсбелгілерді табыс етті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-ant-abyldady-535606](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshiler-ant-abyldady-535606)