---
title: "Мемлекеттік қызметші. Кәсіпкер. Сыбайлас жемқорлық."
description: "А.ж. 1 қарашада «Адал жол-Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес марафонының іс-шар..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-11-12T10:38:43+00:00"
modified: "2016-11-12T10:38:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshi-k-sipker-sybaylas-zhem-orly-725962"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshi-k-sipker-sybaylas-zhem-orly-725962/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметші. Кәсіпкер. Сыбайлас жемқорлық.

> А.ж. 1 қарашада «Адал жол-Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес марафонының іс-шар...

А.ж. 1 қарашада «Адал жол-Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес марафонының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде аудан әкімдігінде шенеуніктермен және кәсіпкерлермен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты- сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түріне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру.

Кездесуде Атбасар аудандық прокуратурасының аға прокуроры – Н.С.Петрова, тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі бөлімнің жетекшісі – Е.В.Карпушина, «Кәсіпкерлік палатасы» БҚ жетекшісі – Е.Т.Каппасов сөз сөйледі. «Асаев» ШҚ – М.А.Асаев, «Мечта» дүкені – Е.Е.Андреева, «Киселев» ШҚ – Н.А.Киселев, «Айгерім» дүкені – К.К.Арынғазин сынды кәсіпкерлер қатысты.

Барлық қатысушылар үшін пікірталас өте пайдалы болды. Барлығы заң бәріне бірдей деген ортақ тоқтамға келді. Мемлекеттік ұйым өкілдері өздерінің ашық әңгімеге әрдайым дайын екендігін білдірді.

Кездесу барысында жасырын сауалнама жүргізілді.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/dsc_0024_0.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshi-k-sipker-sybaylas-zhem-orly-725962](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshi-k-sipker-sybaylas-zhem-orly-725962)