---
title: "Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстанымым"
description: "А.ж. 24 қазанда Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқо..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-10-26T22:12:37+00:00"
modified: "2017-10-26T22:12:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-mirlik-stanymym-783015"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-mirlik-stanymym-783015/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстанымым

> А.ж. 24 қазанда Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқо...

![Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстанымым](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/L3mLD2u3rOQj6Nmr22c22n0oIj5qOL.jpg)

А.ж. 24 қазанда Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасында көрсетілген іс-шараларды орындау аясында, Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп – гимназиясында 9-11 сынып оқушылары, «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстанымым» тақырыбында диалог алаңы өткізілді..

Іс-шараға Департаменттің қызметкері С. Беккажанова қатысты.

Сындарлы сұхбат барысында мектеп оқушылары қазіргі заманның мемлекттік қызметшісінің бейнесін сипаттап берді: жаңа заман өкілі, ұлтжанды, өз ісінің шебері.

Диалог алаңына қатысушылар келешекте абыройлы азамат болу үшін қазіргі уақытта сабақты жақсы оқып, білім алып, Отанды риясыз сүю керек екенін айтты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-mirlik-stanymym-783015](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-mirlik-stanymym-783015)