---
title: "«Мемлекеттік қызмет — өмірлік ұстаным» тақырыбындағы дөңгелек үстел"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департамент..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-06-17T06:42:43+00:00"
modified: "2016-06-17T06:42:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-mirlik-stanym-ta-yrybynda-y-d-gelek-stel-698078"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-mirlik-stanym-ta-yrybynda-y-d-gelek-stel-698078/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мемлекеттік қызмет — өмірлік ұстаным» тақырыбындағы дөңгелек үстел

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департамент...

![«Мемлекеттік қызмет — өмірлік ұстаным» тақырыбындағы дөңгелек үстел](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/Cc1akw13xV9TpJ1EZT5V6pD3842nR5.jpg)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнаманың негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың 16 маусымы күні басшының орынбасары Е.Жайықбаев Сандықтау ауданында өткізілген дөңгелек үстелдің отырысына қатысты.

Іс-шараға аудан басшылығы, мемлекеттік қызметтің ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, «Жас Отан» ЖҚ, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуына, мемлекеттік қызмет институтының қоғамдағы рөлі мен миссиясын ашуға, мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға бағытталған.

Шара барысында барлық туындаған сұрақтарға толыққанды жауап айтылды, қатысушылардың арасында айшықты әңгіме өрбіді.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылардың ұсыныстары Манифестте толықтырылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-mirlik-stanym-ta-yrybynda-y-d-gelek-stel-698078](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-mirlik-stanym-ta-yrybynda-y-d-gelek-stel-698078)