---
title: "Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным"
description: "2016 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола обл..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-06-20T06:27:59+00:00"
modified: "2016-06-20T06:27:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-mirlik-stanym-698545"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-mirlik-stanym-698545/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным

> 2016 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола обл...

![Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/bupXGO6qiIEhX6d4UMNe2kxt2361Y4.jpg)

2016 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығында *«Мемлекеттік қызмет – өмірлік* *ұстаным**»* тақырыбына Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мемлекеттік қызметке алғаш рет басшы лауазымдарға тағайындалған және мемлекеттік қызметке алғаш орналасқан тұлғалардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің модераторы – департамент басшысының орынбасары Е.Жайықбаев.

Өзінің кіріспе сөзінде Е.Жайықбаев қатысушыларды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен, сондай-ақ келе жатқан кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады. Модератор мемлекеттік қызметтің принциптеріне, кадрлық әлеуеттің мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөліне ерекше тоқталды. Іс-шара барысында қатысушылар мемлекеттік қызметтің абырой-беделін көтеру, қазіргі заманның мемлекеттік қызметшісінің бөлінбес құрамдасы болып табылатын кәсіби шеберлік мәселесін қызу талқылады.

Іс-шара аяғында мемлекеттік қызметтің одан әрі дамуына бағытталған тәжірибе мен білімді жинақтайтын және біріктіретін Манифест мәтіні оқылып, ол қатысушылармен бірауыздан қабылданды. Барлық қатысушыларға мемлекеттік қызметтегі реформалар туралы буклеттер таратылды.

Іс-шарамен 54 адам қамтылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-mirlik-stanym-698545](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-mirlik-stanym-698545)