---
title: "Мемлекеттік қызмет: кеше, бүгін, ертең"
description: "А.ж. 14 мамырда облыстық «Акмолинская правда» газетінің редакциясында Қазақстан Республикасының ме..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-06-16T04:18:58+00:00"
modified: "2017-06-16T04:18:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-keshe-b-gin-erte-770256"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-keshe-b-gin-erte-770256/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызмет: кеше, бүгін, ертең

> А.ж. 14 мамырда облыстық «Акмолинская правда» газетінің редакциясында Қазақстан Республикасының ме...

А.ж. 14 мамырда облыстық «Акмолинская правда» газетінің редакциясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күніне арналған «Мемлекеттік қызмет: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел басына мемлекеттік қызметтің ардагерлері мен жас болса да, облысымыздың мемлекеттік қызмет жүйесінде белгілі орын алып отырған мемлекеттік қызметшілер жиналды.

Кездесуді «Акмолинская правда» газетінің журналисі Митчинова Нина Ивановна жүргізді.

Кездесуге келгендер мемлекеттік қызметтің бұрынғы және қазіргі уақыттағы жағдайын салыстырды, сондай-ақ, мемлекеттік басқару саласын жаңғырту мәселелерін талқылады.

Мемлекеттік қызмет ардагері М. Қадырқұловтың айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет жүйесінің өзі әр адамның тұрмысының барлық саласына әсер етеді. Ардагердің айтуы бойынша, тәуелсіздік жылдары мемлекеттік қызмет айтарлықтай өзгеріске ұшырады, бұның бәрі – мемлекеттік аппарат құрылымының ұйымдастырылуының және оның көрсететін қызметтері сапасының жақсаруы.

Департамент басшысы Берген Беспалинов мемлекеттік басқару жүйесінің бұдан әрі қарай дамуы үшін айқындалған басымдықтар туралы әңгімеледі. Бұлар – мемлекеттік қызметті дәріптеу, конкурстық іріктеуді жылжыту, мемлекеттік қызметшілерді оқытуға көңіл бөлу, тәлімгерлік институтын енгізу.

Сонымен қатар, іс-шараға Жақсы ауданы Подгорное ауылының әкімі Қарлығаш Әубәкірова, Көкшетау қаласы қаржы бөлімі басшысының орынбасары Шыңғыс Хасенов, Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығының директоры Әлібек Баймағамбетов қатысты.

 
 
 
 

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/aBZm3NJfurV9u4ha341AhlHyY7N5zE.png)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-keshe-b-gin-erte-770256](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-keshe-b-gin-erte-770256)