---
title: "Мемлекеттік қызмет көрсету саласында өз кәсіби шеберліктерін көтерді"
description: "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентт..."
author: "finpolsko"
published: "2017-04-28T07:31:45+00:00"
modified: "2017-04-28T07:31:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-k-rsetu-salasynda-z-k-sibi-sheberlikterin-k-terdi-765201"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-k-rsetu-salasynda-z-k-sibi-sheberlikterin-k-terdi-765201/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызмет көрсету саласында өз кәсіби шеберліктерін көтерді

> Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентт...

![Мемлекеттік қызмет көрсету саласында өз кәсіби шеберліктерін көтерді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/2KBIPqkfR88t9DWZq392l1mC12WdAM.jpg)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша облыс әкімі аппаратымен бірге жасалатын 2017 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар Жоспары шеңберінде СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚАК филиалдарында а.ж. сәуірдің 17-25 аралығында электронды мемлекеттік қызмет көрсету саласында кәсіби шеберліктерін жетілдіру бойынша облыстың барлық аудандарының селолық округ әкімдіктерінің 176 маманы оқудан өтті.

![Мемлекеттік қызмет көрсету саласында өз кәсіби шеберліктерін көтерді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/0JCfrIlZd9bF2a9oF81ZieGhSXtSVm.jpg)

Оқыту барысында мамандар «электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету, порталда тіркелу ережелері, электронды-цифрлы қолтаңба алу, электронды анықтамалар беру және ЭҮШП арқылы төлемдер өткізу, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға барып мемлекеттік қызметтер көрсету жағдайларымен, соның ішінде электронды және мобильді үкіметтің басқа да мүмкіндіктерімен танысты.

«Е-gov – шұғыл мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» науқаны шеңберінде ұйымдастырылған осы іс-шаралар электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыруға бағытталған.

Облыс аудандары әкімдіктері мамандарының кәсіби дағдыларын ұдайы жетілдіру мақсатында, осы оқуларды СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚАК филиалдарымен бірге тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр.

 

Ескерту: фотосуреттерде Тайынша ауданының селолық округтер қызметкерлері оқудан өтуде.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-k-rsetu-salasynda-z-k-sibi-sheberlikterin-k-terdi-765201](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-k-rsetu-salasynda-z-k-sibi-sheberlikterin-k-terdi-765201)