---
title: "Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті тәртіптік кеңесі өтіп, отырыста 9 іс қаралды"
description: "Бұл жолы қателікке бой алдырған аудан әкімі, Айыртау және Есіл аудандарының тұрғын үй коммуналдық ша..."
author: "finpolsko"
published: "2015-03-20T03:32:51+00:00"
modified: "2015-03-20T03:32:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-kezekti-t-rtiptik-ke-es-483330"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-kezekti-t-rtiptik-ke-es-483330/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті тәртіптік кеңесі өтіп, отырыста 9 іс қаралды

> Бұл жолы қателікке бой алдырған аудан әкімі, Айыртау және Есіл аудандарының тұрғын үй коммуналдық ша...

Бұл жолы қателікке бой алдырған аудан әкімі, Айыртау және Есіл аудандарының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшылары, Аққайың аудандық ветеринария станциясының директоры мен бас есепшісі, облыстық қуыршақ театрының директоры мен орынбасары және Петропавлдың учаскелік инспекторлары жауапқа тартылды.

Ведомство мамандарының мәлімдеуінше, мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік сатып алулар кезінде нормативтік-құқықтық актілерді және қарамағындағыларға қатысты қызметтік этиканы сақтамаған, сонымен қатар жемқорлыққа қатысты заңбұзушылықтар жасаған. Жиын соңында тәртіптік кеңес мүшелері 6 адамды жұмыстан босату, тағы 1-не қызметіне сай еместігі жөнінде ескерту жасалса, 1 азаматқа ар намыс кодексіне байланысты қатаң сөгіс жарияланды.

https://ww

![Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті тәртіптік кеңесі өтіп, отырыста 9 іс қаралды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/C2Lee2wq6mlJNw11RL0gsioQxUqCVy.jpg)

w.youtube.com/watch?v=Ce411aAvQF0&feature=youtu.be

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-kezekti-t-rtiptik-ke-es-483330](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-kezekti-t-rtiptik-ke-es-483330)