---
title: "Мемлекеттік қызмет істері министрі халық алдында есеп берді"
description: "Ағымдағы жылғы 8 маусымда Астана уақытымен 11:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет іс..."
author: "finpolsko"
published: "2016-06-08T05:36:43+00:00"
modified: "2016-06-08T05:36:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-isteri-ministri-haly-aldynda-esep-berdi-696769"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-isteri-ministri-haly-aldynda-esep-berdi-696769/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызмет істері министрі халық алдында есеп берді

> Ағымдағы жылғы 8 маусымда Астана уақытымен 11:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет іс...

![Мемлекеттік қызмет істері министрі халық алдында есеп берді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/hw9LweJuDw1pfqcW8Hn1wu35k2p7Gd.jpg)

Ағымдағы жылғы 8 маусымда Астана уақытымен 11:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі Т.С. Донақовтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Аталған шара жұртшылыққа барынша қолжетімді болу үшін еліміздің интернет-порталдарында тікелей көрсетілімдер ұйымдастырылды. Министрдің баяндамасын Қызылжар тұрғындары облыс әкімдігінде ұйымдастырылған бейнеконференц байланыс арқылы көруге мүмкіндік алды.

![Мемлекеттік қызмет істері министрі халық алдында есеп берді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/E807temY57uBByO65lGZ1cJJph35JG.jpg)

Кездесуде Талғат Советбекұлы еліміздегі мемлекеттік қызметтің ахуалы, сондай-ақ министрлік қызметінің басым бағыттары жайында баяндады.

![Мемлекеттік қызмет істері министрі халық алдында есеп берді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/X4Q0KQ18ucSwGdVOQiIofry8s8B5C3.jpg)

Талғат Донақовтың айтуынша, мемлекеттік қызметшілер өздеріне халық тарапынан білдірілген айрықша сенімді ақтаулары, көмекке жүгінген тұрғындарға сапалы қызмет көрсетулері тиіс.

![Мемлекеттік қызмет істері министрі халық алдында есеп берді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/5z40UNl609GJ1f5dTcNoz4yOxyaZgD.jpg)

Сондай-ақ ол мемлекет пен азаматтардың өзара байланысы нығаюы үшін мемлекеттік қызмет жүйесі есеп беру үрдісін дәстүрге айналдырып, транспорентті, тиімді, дебюрократиялық және тұрғындардың мұқтаждықтарымен санасатын орган болуға одан әрі ұмтылатын болады деді.

![Мемлекеттік қызмет істері министрі халық алдында есеп берді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/qoPORl3igMmB53dUINP3821i55gF4O.jpg)

Есеп беру бөлігі аяқталған соң ниет білдіргендер министрге өз сауалдарын жолдады.

![Мемлекеттік қызмет істері министрі халық алдында есеп берді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/9lt5UayOPVod3X0s6Td1NKrh5TTdZ2.jpg)

Алғашқы есеп беруін түйіндеген Талғат Донақов, тұрғындарға белсенділіктері үшін алғысын білдіріп, кездесу барысында жауап беруге үлгермеген сұрақтарға міндетті түрде тиісті түсіндірмелерін беруге уәде берді.

![Мемлекеттік қызмет істері министрі халық алдында есеп берді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/Z4CF4HsfIabmmlmVIdmp6vBjtmuI75.jpg)

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ресми сайтындағы арнайы «СҰРАҚ-ЖАУАП» айдарына азаматтардан жүзден астам өтініш келіп түсті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-isteri-ministri-haly-aldynda-esep-berdi-696769](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmet-isteri-ministri-haly-aldynda-esep-berdi-696769)