---
title: "Мемлекеттік тілдің мерейі үстем"
description: "Елбасымыздың «...Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құ..."
author: "makala123"
published: "2015-06-07T23:10:28+00:00"
modified: "2015-06-07T23:10:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-tildi-mereyi-stem-497058"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-tildi-mereyi-stem-497058/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік тілдің мерейі үстем

> Елбасымыздың «...Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құ...

![Мемлекеттік тілдің мерейі үстем](http://storage.yvision.kz/images/user/makala123/ywokIg1kE3ALY61HT46tjaFrx7w5s8.gif)

Елбасымыздың «...Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында, немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды», - деген сөзі бүгінгі күннің және келешектің нақты ұстанымы екендігі сөзсіз. Мемлекет басшысының тілге қатысты пікірлерін қазақстандықтар кеңінен қолдап, қуаттап отыр.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы да мемлекеттік тіл саясатын қолдай отырып, оны іс жүзіне асырудың нақты қадамдарын жасап келеді.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Бас директорының бұйрығымен бекітілген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл ішінде әртүрлі іс-шаралар жүргізіліп отырады.

Атап айтқанда, Филиал қызметкерлері үшін күнделікті қолданыста болатын терминдер сөздігі бекітілген.

Келуші – Клиенттерге мемлекеттік қызметтер, оның ішінде ақпараттық анықтамалар клиент талабы бойынша тілде ұсынылады.

Қазақстан Республикасының «Электронды үкімет» порталынан ұсынылатын қызметтердің барлық деңгейінде қазақ тілінің қолданылуы қамтамасыз етілген.

Жоғары тұрған органдарға шығатын құжаттар мәтіндерінің мемлекеттік тілде рәсімделу қамтылған.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК ШҚО бойынша филиалының барлық қалалық және аудандық бөлімдерінде жергілікті атқарушы органдармен бірлескен түрде мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша отырыстар мен дөңгелек үстелдер өткізу қамтамасыз етілген.

Мемлекеттік тіл мәселесіне заң тұрғысынан қарайтын болсақ, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңы Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданыста болғанымен, мемлекеттік қазақ тілі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылатындығын ұмытпауымыз абзал.

Тіл тағдыры – ұлт тағдыры, отансүйгіштіктің, ұлттық намыстың мәселесі. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде мемлекеттік қызметшілерге жүктеліп отырған міндет зор.

Лауазымды адамның мемлекеттік тілді білмеу желеуімен азаматтардың өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ, мемлекеттік тілде және басқа тілдерде қызмет атқарылатын салада олардың қолданылуына кез келген кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында, атап айтқанда ӘҚБтК-нің 81-бабында көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады.

Қазіргі кезде жұмыс жасап тұрған Тіл комитеттері мен тіл басқармалары мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға және тіл заңдарының сақталуына тікелей мүдделі мекемелер болғандықтан оның мамандарына тіл заңдарын бұзғандығы үшін әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғау, айыппұл салу сияқты құзіреттіліктер берген де артықшылық етпес еді.

Егер Мемлекет басшысының мемлекеттік тіл мәселесіндегі бағытын шынайы қолдап, жүзеге асыратын болсақ, алда еліміздің ұлттық нышаны мен келбетін ажарландырып, қазақстандық патриотизмді, елдігімізді асқақтата түседі.

 

**Меруерт Медеубаева Заруетовна**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-tildi-mereyi-stem-497058](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-tildi-mereyi-stem-497058)