---
title: "Мемлекеттік тілдің мәртебесі өспек"
description: "Шараға облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-прези..."
author: "usergoogle105279078735321347542"
published: "2022-10-19T08:59:42+00:00"
modified: "2022-10-19T09:13:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-tildi-m-rtebesi-spek-976606"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-tildi-m-rtebesi-spek-976606/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік тілдің мәртебесі өспек

> Шараға облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-прези...

Шараға облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, журналист Максим Рожин, сондай-ақ облыстық филиалдың мүшелері, төрағалары, жергілікті зиялы қауым өкілдері мен тіл жанашырлары қатысты.Алқалы жиында өңіріміздегі тіл саясаты, мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлі, оның қоғамның барлық саласында толыққанды қызметін қамтамасыз ету тақырыптарына сай тұшымды ойлар айтылып, өңіріміздегі қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі туралы сөз қозғалды. Облыс әкімінің орынбасары Айзада Амангелдіқызы ұлтаралық бірілікті нығайтудағы мемлекеттік тілдің маңыздылығына тоқталып, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту жолында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы Асыл Әбішев мемлекеттік тілге қатысты кез келген мәселе бойынша кеңес беретін фронт-кеңсе ашылғанын жеткізді. Кәсіпкерлер үйінде ашылған орталықта мәтіндерді орыс тілінен мемлекеттік тілге аударуға көмектесіп, кәсіпкерлік қызметіне байланысты құжаттар үлгілерін талапқа сай етуге жәрдемдеседі.

Жиын барысында өңіріміздегі «Қазақ тілі» қоғамының қала, аудандардағы филиалдардың төрағалары сөз алып, аймақтағы мемлекеттік тілдің хал-ахуалына қатысты пікірлерімен бөлісті. Шара соңында облыстың бірқатар азаматтары ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы президентінің Құрмет грамоталарымен, Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-tildi-m-rtebesi-spek-976606](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-tildi-m-rtebesi-spek-976606)