---
title: "Мемлекеттік тілді білу – біздің міндетіміз"
description: "Қазақстан Республикасының Президенті «Мәңгілік ел» идеясында ұлттық құндылықтарды сақтап қалуының ма..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-07-15T07:54:18+00:00"
modified: "2015-07-15T07:54:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-tildi-bilu-bizdi-mindetimiz-521945"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-tildi-bilu-bizdi-mindetimiz-521945/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік тілді білу – біздің міндетіміз

> Қазақстан Республикасының Президенті «Мәңгілік ел» идеясында ұлттық құндылықтарды сақтап қалуының ма...

Қазақстан Республикасының Президенті «Мәңгілік ел» идеясында ұлттық құндылықтарды сақтап қалуының маңыздылығын атап өтті, оның ішінде мемлекеттік тілдің мәртебесін және маңызын нығайтуға үлкен көңіл бөлінеді. мемлекеттік тілді дамыту және қолдану бағдарламасының шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен үлкен жұмыстар атқарылуда. Департамент тарапынан басқа мемлекеттік органдармен өзара хат алмасу тек қана мемлекеттік тілде жүргізіледі. Департаменттің құзыретіне жататын мәселерлердің негізгі бағыттары бойынша Департаменттің бақылау және құжат айналым бөлімі әр уақытта қажетті терминдерді жинақтау және жасақтау бойынша жұмыстар жүргізеді.

Осыған байланысты, мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілді игеруі 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі болып табылады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық бөлімшелердегі қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеруге барлық жағдайлар жасалуда. Қазіргі таңда Агенттіктің ұйымдастыруымен бейнеконференция арқылы Президент жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының мұғалімдерімен қызметкерлерге қазақ тілін оқыту және дамыту мақсатында курстар өткізіледі.

Жеке құрам арасында мемлекеттік тілді кеңінен пайдалану және істерді мемлекеттік тілде жүргізу мақсатында әр түрлі іс-шаралар өткізілуде. Мысалы алатын болсақ, Департаментте Наурыз мейрамын тойлау барысында қыз-келіншектер арасында ең әдемі ұлттық костюміне сайыс ұйымдастырылды. Бұл сайыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының қызметкері Юлия Резниченко үздік болып атанды. Сайыс шеңберінде, ол Абайдың өлеңдерін таза қазақ тілінде оқып шықты.

Сонымен бірге, 12 маусым күні департамент қызметкерлерінің арасында мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңына ұйымдастырылған мерекелік шаралар шеңберінде қазақ тілінде авторлық өлеңдерді мәнерлеп оқу және ән шырқау сайысы өткізілді. Аталған сайытстың жеңімпаздары департамент басшысының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Даналар айтып кеткендей «Мемлекеттік тілді қадірлеу – халықты қадірлеу», сондықтан мемлекеттік тілді игере отырып, біз еліміздің және тіліміздің даңқын көтереміз.

 

**ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Бақылау және құжат айналымы бөлімінің басшысы Қуанова Р.**

**

![Мемлекеттік тілді білу – біздің міндетіміз](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/iw2aYeqv7omU1NczH9NiRxjFpnyPwX.jpg)

**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-tildi-bilu-bizdi-mindetimiz-521945](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-tildi-bilu-bizdi-mindetimiz-521945)