---
title: "Мемлекеттік тіл мерейім!"
description: "«Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Жамбыл облысы бойынша филиалыны..."
author: "ceka"
published: "2014-06-03T01:30:29+00:00"
modified: "2014-06-03T01:33:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-til-mereyim-416048"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-til-mereyim-416048/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік тіл мерейім!

> «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Жамбыл облысы бойынша филиалыны...

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының №3 бөлімінде «Мемлекеттік тіл мерейім!» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді. Семинар барысында мемлекеттік тілдің қалыптасуы, оның дамуы мен тұрақталуы қарастырылды. Семінарға қатысушы баяндамашы №3 бөлім жетекшісі Б.Рахимбердиев «-Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Сол себепті біз мемлекеттік тілді дамыту мақсатында баршамыз аянбай қызмет етуіміз қажет» - деп атап өтті.

![Мемлекеттік тіл мерейім!](http://storage.yvision.kz/images/user/ceka/S8egHHwpwXovz6eapkKYBC5HTNBe0R.png)

Семинар барысында мемлекеттік тілді дамыту орталығынан келген өкілдер қызметкерлермен түрлі ойындар мен тренингтер өткізді. Іс-шараға қатысушылар семинардың өтуіне жоғары баға берді.

**«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының №3 бөлімі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-til-mereyim-416048](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-til-mereyim-416048)