---
title: "Мемлекеттік тіл – менің тілім!"
description: "Ақтоғай ауданыңда өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» атты аудандық жастар а..."
author: "CRMI"
published: "2016-03-10T23:04:50+00:00"
modified: "2016-03-10T23:04:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-til-meni-tilim-682865"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-til-meni-tilim-682865/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік тіл – менің тілім!

> Ақтоғай ауданыңда өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» атты аудандық жастар а...

Ақтоғай ауданыңда өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» атты аудандық жастар арасындағы конкурсы өткізілді. Ақтоғай ауданының орталық кітапханасында өзге ұлт өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» атты аудандық жастар арасындағы конкурс өткізілді. Конкурсқа қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің жастары қатысты. Конкурстың мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, өзге ұлт өкілдері арасында азаматтық және қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу.Әділқазы алқалары қатысушыларды 3 тапсырма бойынша бағалады: 1 тапсырма – өзін өзі таныстыру 2 тапсырма – мәтінді қазақ тіліне аудару және дұрыс жазылуы 3 тапсырма – қазақ ақын – жазушыларының шығармаларын орындау. Өзге ұлт өкілдері арасында өткізілген «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» атты аудандық жастар арасындағы конкурсының қортындысы: 1 орынға - Станишаускас Любовь –Разумовка ауылдық округі, 2 орынға - Иванова Валентина – Ақтоғай ауылдық округі және 3 орынға Калини Владимир – Қожамжар ауылдық округі ие болды. Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтап естелік сыйлықтарды «Ақтоғай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жас Қанат» жастар ресурстық орталығы» директорының міндетін атқарушысы Аяганов Серікжан Еменбайұлы табыс етті. Аталмыш іс-шараны «Ақтоғай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жас Қанат» жастар ресурстық орталығы» және «Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» ұйымдастырды.

![Мемлекеттік тіл – менің тілім!](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/D3sPrJDUXjlBd12yY27r8wKFtxISx5.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-til-meni-tilim-682865](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-til-meni-tilim-682865)