---
title: "Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте."
description: "2015 жылғы 18 қырүйекте ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл агентті..."
author: "anticorruptionatyrau"
published: "2015-10-15T07:48:35+00:00"
modified: "2015-10-15T07:48:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-til-memlekettik-yzmette-584908"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-til-memlekettik-yzmette-584908/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте.

> 2015 жылғы 18 қырүйекте ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл агентті...

2015 жылғы 18 қырүйекте ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшылығы, қызметкерлері мен облыстық кітапхана өкілдерінің қатысуымен «Тілім менің – тіршілігімнің тынысы» тақырыбында Қазақстан Республикасының Халықтарының тілдері күніне арналған салатанатты шара өткізілді.

Республика Президентінің Жарлығымен «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жарияланған болатын.

Іс-шараның мақсаты – қазақ тілінің рухани және мәдени мұрасы ретінде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, Қазақстан халықтарының тілі мен мәдениетін насихаттау болып табылады.

Басшының орынбасары М.К.Избанов өзінің құттықтау сөзінде «Бүгінгі таңда біздің тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің көрсеткіштерінің бірі – бұл Ана тіліміз», - деп, атап өтті. Сонымен қатар, барлығын Ана тілін сүйіп және құрметтеп, елімізідің дамуы мен халқымыздың қамы үшін еңбек етуге шақырды.

Қорытындылай келе, М.К.Избанов барлық қызметкерлерді Тілдер күнімен құттықтап, сәттілік пен өркендеу тіледі.

Бұдан басқа, Департаменттің қызметкерлерімен Тілдер күнініне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Атырау өңірінің ақыны Нұралы Әжіғалиевтің өлеңі оқылды.

![Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте.](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionatyrau/S84Hi3r96hYQV0rkIjIH0TC4oideRC.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-til-memlekettik-yzmette-584908](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-til-memlekettik-yzmette-584908)