---
title: "«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов"
description: "Бүгін Жетісай қаласындағы «Қазақстан» студенттер сарайында Мақтарал ауданы әкімдігінің Ішкі саясат,..."
author: "Makhtaralbaspasoz"
published: "2016-09-20T01:47:48+00:00"
modified: "2016-09-20T01:47:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-til-b-kil-aza-stan-hal-yny-basyn-biriktirushi-k-shke-aynaluy-tiis-m-rat-li-alm-ratov-712550"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-til-b-kil-aza-stan-hal-yny-basyn-biriktirushi-k-shke-aynaluy-tiis-m-rat-li-alm-ratov-712550/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов

> Бүгін Жетісай қаласындағы «Қазақстан» студенттер сарайында Мақтарал ауданы әкімдігінің Ішкі саясат,...

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://fbcdn-sphotos-c-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xla1/v/t1.0-9/14322536_358977454491035_8221790297689302545_n.jpg?oh=3ad30535c70da21012cb6fa973da6fd6&oe=586D91B1&__gda__=1485152028_6e2be23502a9ba2cb44db97405c2509c)

**Бүгін Жетісай қаласындағы «Қазақстан» студенттер сарайында Мақтарал ауданы әкімдігінің Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 22-қыркүйек – тілдер мерекесіне орай «Тіл мерейі – ел мерейі» атты мерекелік кеш болып өтті. Іс-шараға Мақтарал ауданы әкімі Ғалым Исмаилов, ОҚО Қазақстан халық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов, «ОҚО Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ербол Байғонақов қатысты.**

Мақтарал ауданы әкімі Ғ. Исмаилов өз сөзінде аудандағы ұлттар достығының берік болуына, әрбір шаңырақта тыныштық болуына тілек білдіріп, бүгінгі мерекемен аудан жұртшылығын құттықтады. ОҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі М. Қалмұратов: *«Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы 1022 мектептің 743-інде білім мемлекеттік тілде, 279-ында ұлттық тілдерде білім беріледі. Атап айтқанда, орыс тілінде 9, өзбек тілінде 15, тәжік тілінде 4 мектеп оқытылса, 251 мектепте білім аралас тілдерде (қазақ, орыс, өзбек, тәжік) беріледі. Қазір облыстағы 20 этномәдени бірлестіктің 11-інде жексенбілік мектеп бар. Этностардың тілі мен салт-дәстүрі және мәдениеті күндерін өткізу игі дәстүрге айналған. Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының мәңгілік тіліне, тәуелсіздігіміздің қуатты құралына, елдігіміз бен бірлігіміздің туына, бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуға тиіс. Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты да – егемен елдің ұландарын отансүйгіштікке баулу, мемлекеттік тілдің біріктіруші тіл екенін кеңінен насихаттау»* - дейді. Жалпы, қазақ халқының және Мақтарал ауданында өмір сүретін түрлі ұлттардың әншілері бүгінгі мерекелік кеште патриоттық тақырыптарда ән шырқаса, бишілері би биледі. Сондай-ақ, ауданда түрлі мәдениеттердің дамуына өз үлесін қосып жүрген бірнеше белсенділер «Алғыс хаттармен» марапатталды.

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14440821_358976734491107_6415464946907213005_n.jpg?oh=60bef78429f7ab539e8be23cf9e2427f&oe=58696071)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14370393_358976544491126_5416124467548705524_n.jpg?oh=c1f699428af4b1481d206083e5e56dc9&oe=583BF2D8)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14364912_358976551157792_1519971839257774273_n.jpg?oh=555909e5c38071807af2e77ed13d973a&oe=5871C2A7)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://fbcdn-sphotos-e-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xpf1/v/t1.0-9/14344850_358976547824459_7142126403612562900_n.jpg?oh=57a8d508fca33c9f0421fdbc4fce6860&oe=5880C07F&__gda__=1484082197_88ba84ecfd117f3f6a86e7326012048d)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://fbcdn-sphotos-g-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xlt1/v/t1.0-9/14441205_358977044491076_7786534373445221615_n.jpg?oh=d9658132372f13af2a45e82f0bdef90a&oe=5871BE13&__gda__=1480457474_c49b45ee19a06f2ec07275dcdfe3e104)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14441206_358977261157721_1258403939774190395_n.jpg?oh=6f6d81e5d45a9d2e90b834ef3a7b4647&oe=58735DA9)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://fbcdn-sphotos-g-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xtf1/v/t1.0-9/14441097_358977274491053_1460861590895479301_n.jpg?oh=785a15ea048e90ec47f5f03d45e3dd73&oe=587E75D4&__gda__=1484821647_596c492b4a680c86ab54b4a3db23a670)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14359053_358977394491041_6068861513996849762_n.jpg?oh=9a69fafe9c9613eb843e96b0ef0edb28&oe=58829CF2)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14317605_358977444491036_4046036625625722573_n.jpg?oh=83722615f63f3a68f0a31b06cd5cd61f&oe=586FBE3F)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://fbcdn-sphotos-a-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xpt1/v/t1.0-9/14441097_358977501157697_7873841242402726594_n.jpg?oh=2f93779a3e8de293ffa952a8f95a000a&oe=58842761&__gda__=1480318565_56b6212a495c128a05d6d3b8135280c8)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://fbcdn-sphotos-c-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xfp1/v/t1.0-9/14322256_358977591157688_3022491476721340176_n.jpg?oh=adc30b8895c1ece5b1a0635240137a14&oe=58671CA0&__gda__=1480372009_0dc034c47ff4547891c26048c0320e92)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14344738_358977587824355_2642824892948787291_n.jpg?oh=739c8283997d756af4e0cf800130eb06&oe=583BE7B3)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14332958_358977601157687_8852944250857099433_n.jpg?oh=f08b14d14337829afe091cd17f050fdc&oe=5873B8DC)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://fbcdn-sphotos-g-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xlf1/v/t1.0-9/14322625_358977704491010_3855960091447243788_n.jpg?oh=2a3988005fdd5fa069a26b3ef77924d9&oe=583AB659&__gda__=1483644710_087088a7cd485935e4bf7e1f42a81541)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14358919_358977717824342_2677831012964081534_n.jpg?oh=920574bd099aa80e25cc3283126e0f0d&oe=5874CC55)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14358913_358979714490809_2169707621777552156_n.jpg?oh=6cd3107cd3701c1a83e55eee9fc02ec2&oe=58864175)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14359013_358979911157456_3690073164875392407_n.jpg?oh=9c19e07c6398a3cb8b2b421d2a2ce5cf&oe=586D6DED)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14370197_358979921157455_6897667551295666587_n.jpg?oh=507eff387e626c7e768d5aa5568d868b&oe=5837CFE6)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://fb-s-b-a.akamaihd.net/h-ak-xal1/v/t1.0-9/14390826_358979924490788_3672302581719191953_n.jpg?oh=1528adfbdac67d06e7258cb463ca47d9&oe=587FE1E3&__gda__=1484998967_c3b424c9237d327589f28e108f6a47b3)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://fbcdn-sphotos-a-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xpf1/v/t1.0-9/14390771_358980004490780_6081426676724811932_n.jpg?oh=d0391b2f512ffa3e878883f6966034a1&oe=58758482&__gda__=1485129192_f46d40e46bc51f33e13a6b09f44141e1)

![«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14440759_358976761157771_8301251108750762137_n.jpg?oh=96d027fc860b3d93c767dc8411901edb&oe=587A1B2D)

**(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-til-b-kil-aza-stan-hal-yny-basyn-biriktirushi-k-shke-aynaluy-tiis-m-rat-li-alm-ratov-712550](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-til-b-kil-aza-stan-hal-yny-basyn-biriktirushi-k-shke-aynaluy-tiis-m-rat-li-alm-ratov-712550)