---
title: "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою"
description: "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 8 ақпандағы №76 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметі..."
author: "ceka"
published: "2014-07-28T00:43:23+00:00"
modified: "2014-07-28T00:43:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-t-r-yn-y-orynan-t-r-yn-yge-nemese-zheke-t-r-yn-y-orynan-zhergilikti-at-arushy-organ-zhal-423019"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-t-r-yn-y-orynan-t-r-yn-yge-nemese-zheke-t-r-yn-y-orynan-zhergilikti-at-arushy-organ-zhal-423019/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою

> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 8 ақпандағы №76 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметі...

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 8 ақпандағы №76 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1131 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 Қаулысымен жұмыс атқарылады.
Аталмыш Қаулыларға сәйкес төмендегі топ өкілдері тұрғын үй кезегіне тұруға құқылы. Атап айтар болсақ:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) 1 және 2-топтағы мүгедектер;
4) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы №1309 қаулысымен бекітілген аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
6) жасы бойынша зейнеткерлер;
7) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма үш жасқа толмаған жетім
балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады;
8) оралмандар;
9) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
10) көп балалы отбасылар;
11) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық немесе оны жүзеге асыру, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
12) толық емес отбасылар жатады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы не оның сенімхат бойынша өкілі мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) Бекітілген стандарттың 3-қосымшаға сәйкес есепке қою туралы өтініш;
2) өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесін;
3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмесін;
4) аумақтық әділет органының анықтамасын (өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің бар немесе жоқ екендігі туралы);
5) жергілікті атқарушы органының анықтамасын (өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің жоқтығы туралы);
6) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін (құжатты салыстыру үшін) не тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтама бюросының немесе ауылдық округ әкімнің анықтамасы;
7) басқа адамдарды өтініш берушінің отбасы мүшесі деп таныған жағдайда оларды өтініш берушінің отбасы мүшесі деп тану туралы соттың шешімі;
8) әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) әлеуметтік жағынан осал азаматтарға жататынын растайтын құжатты;
9) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы туралы анықтаманы;
10) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орынынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасы Үкіметімен берілген мәртебесін растайтын құжаттарын ұсынады;
11) жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар осы фактіні растайтын анықтаманы қосымша ұсынады;
12) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда өтініш берушілер тиісті уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-t-r-yn-y-orynan-t-r-yn-yge-nemese-zheke-t-r-yn-y-orynan-zhergilikti-at-arushy-organ-zhal-423019](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-t-r-yn-y-orynan-t-r-yn-yge-nemese-zheke-t-r-yn-y-orynan-zhergilikti-at-arushy-organ-zhal-423019)