---
title: "«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылда"
description: "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға: мемлекеттік көрсетілетін қызмет коммуналдық тұрғын ..."
author: "ceka"
published: "2014-10-20T10:26:13+00:00"
modified: "2014-10-20T10:26:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-t-r-yn-y-orynan-beriletin-t-r-yn-yge-nemese-zheke-t-r-yn-y-orynan-zhergilikti-at-arushy--434939"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-t-r-yn-y-orynan-beriletin-t-r-yn-yge-nemese-zheke-t-r-yn-y-orynan-zhergilikti-at-arushy--434939/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылда

> Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға: мемлекеттік көрсетілетін қызмет коммуналдық тұрғын ...

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға: мемлекеттік көрсетілетін қызмет коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж, тиісті елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын және:

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына; 2) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тегін ұсынылады; 3) тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін ұсынылады. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедек балаларға қолданылмайды; 4) мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; 5) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін ұсынылады. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 3) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 4) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; 5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар; 6) жасына байланысты зейнеткерлер; 7) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады; 8) оралмандар; 9) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар; 10) көп балалы отбасылар; 11) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; 12) толық емес отбасылар жатады.

Егер: 1) есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілген сәтте олардың Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйі болмаса; 2) есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елді мекенде меншік құқығында тұрғын үйі болмаса; 3) олардың осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйі болмаса; 4) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе; 5) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұрып жатса; 6) отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаса, адамдар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады. ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде - күнтізбелік 30 (отыз) күн.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-t-r-yn-y-orynan-beriletin-t-r-yn-yge-nemese-zheke-t-r-yn-y-orynan-zhergilikti-at-arushy--434939](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-t-r-yn-y-orynan-beriletin-t-r-yn-yge-nemese-zheke-t-r-yn-y-orynan-zhergilikti-at-arushy--434939)