---
title: "Мемлекеттік саясатта бұқараның алатын орны ерекше Есіл және Қызылжар аудандарының мемлекеттік органдар ұжымдарымен кездесулер"
description: "«Заманауи, кәсіби және автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» бірінші институционалды реформа..."
author: "finpolsko"
published: "2015-07-30T21:33:49+00:00"
modified: "2015-07-30T21:33:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-sayasatta-b-arany-alatyn-orny-erekshe-esil-zh-ne-yzylzhar-audandaryny-memlekettik-organd-525957"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-sayasatta-b-arany-alatyn-orny-erekshe-esil-zh-ne-yzylzhar-audandaryny-memlekettik-organd-525957/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік саясатта бұқараның алатын орны ерекше Есіл және Қызылжар аудандарының мемлекеттік органдар ұжымдарымен кездесулер

> «Заманауи, кәсіби және автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» бірінші институционалды реформа...

![Мемлекеттік саясатта бұқараның алатын орны ерекше Есіл және Қызылжар аудандарының мемлекеттік органдар ұжымдарымен кездесулер](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/yOkySK5sOh6vSsL0u9VUwipn0Qc3KZ.jpg)

«Заманауи, кәсіби және автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» бірінші институционалды реформасын түсіндіру мақсатында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті өңіріміздің Есіл және Қызылжар аудандарындағы мемлекеттік органдардың ұйымдарымен кездесулер ұйымдастырды.

![Мемлекеттік саясатта бұқараның алатын орны ерекше Есіл және Қызылжар аудандарының мемлекеттік органдар ұжымдарымен кездесулер](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/KEe6bD49ybstCjr8hLXK1691xhRQKm.jpg)

Мемлекет Басшысы жариялаған реформалар – жаһандық дағдарыс, әлемдік саяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайындағы тиімді және уақытылы шара.Іс-шаралардың негізгі мақсаты – «100 нақты қадам» ұлт Жоспарының егжей-тегжейін халыққа жеткізу және елге оның маңыздылығын жеткізу болып табылады. Бұл тұрғыда аумақтарда бастамаларды қолдайтын белсенді топтарды құру, мемлекеттік қызметшілерді жаңа жұмыс талаптарына дайындау негізге алынған.Семинарларда мемлекеттік қызметке өту үрдістерін жаңғырту, кандидаттарды төменгі лауазымдарға сұрыптау және мансаптық жоғарылату, еңбек төлемінің факторлық-балдық шкаласы мәселелері қызу талқыға салынды.Департаменттің тәртіптік Кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.Ж. Жұмабаев өз кезегінде, аталған реформаларды жүзеге асыруда тұрғындардың атқаратын маңызды рөлін және мемлекеттік саясат бағыттарының сәтті орындалуы бұқаралық қолдаудың арқасында ғана іске асатындығын атап өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-sayasatta-b-arany-alatyn-orny-erekshe-esil-zh-ne-yzylzhar-audandaryny-memlekettik-organd-525957](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-sayasatta-b-arany-alatyn-orny-erekshe-esil-zh-ne-yzylzhar-audandaryny-memlekettik-organd-525957)