---
title: "Мемлекеттік органдардың персоналды басқару бөлімдерінің мамандарына әдістемелік семинар-кеңес"
description: "2017 жылдың 10 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-03-14T06:27:36+00:00"
modified: "2017-03-14T06:27:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-organdardy-personaldy-bas-aru-b-limderini-mamandaryna-distemelik-seminar-ke-es-760011"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-organdardy-personaldy-bas-aru-b-limderini-mamandaryna-distemelik-seminar-ke-es-760011/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік органдардың персоналды басқару бөлімдерінің мамандарына әдістемелік семинар-кеңес

> 2017 жылдың 10 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қ...

2017 жылдың 10 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшілерінің мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйі мониторингі бойынша есебіне жауапты персоналды басқару бөлімдерінің мамандарымен әдістемелік семинар-кеңес өткізді.

Шара барысында Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасы мамандарымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйі мониторингі есептерінің нысандарын толтыру туралы жан-жақты түсіндіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-organdardy-personaldy-bas-aru-b-limderini-mamandaryna-distemelik-seminar-ke-es-760011](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-organdardy-personaldy-bas-aru-b-limderini-mamandaryna-distemelik-seminar-ke-es-760011)