---
title: "Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-07-15T07:43:30+00:00"
modified: "2015-07-15T07:43:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-organdarda-sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zho-521933"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-organdarda-sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zho-521933/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың **18 маусымында** Мұнайлы аудандық өртке қарсы қызметінің №5 бөлімшесінде облыстық өртке қарсы қызметі басқармасының, аудандық прокуратура, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы»заңды тұлғалар бірлестігі өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар өткізілді.

Семинар барысында аумақтық Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы **Ербол Жұмабай** іс-шараның мақсаты, Департамент қызметінің басым бағыттары, мемлекеттік қызметті өткеру, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми [www.anticorruption.gov.kz](http://www.anticorruption.gov.kz) сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған [www.1494.kz](http://www.1494.kz) порталының, **1494** **Call-центрінің** жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, сауалнама жүргізілді.

![Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/84PgYtgu21Qd05D36Xxtp13El1lW5c.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-organdarda-sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zho-521933](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-organdarda-sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zho-521933)