---
title: "Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарлар өткізілуде"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-08-19T04:30:32+00:00"
modified: "2015-08-19T04:30:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-organdarda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-seminarlar-tkizilude-531322"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-organdarda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-seminarlar-tkizilude-531322/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарлар өткізілуде

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі...

![Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарлар өткізілуде](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/Ikk0Zg8628Wf04c5197n50j3XY7609.jpg)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің *(әрі қарай - Департамент)* ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың **20 шілдесінде** **Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде** мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар-лекция өткізілді.

Іс-шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің бас маманы **Сұлтан Сахан** іс-шараның мақсаты, Департамент қызметінің басым бағыттары, мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау методикасы, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми [www.anticorruption.gov.kz](http://www.anticorruption.gov.kz) сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған [www.1494.kz](http://www.1494.kz) порталының, **1494** **Call-центрінің** жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-organdarda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-seminarlar-tkizilude-531322](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-organdarda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-seminarlar-tkizilude-531322)