---
title: "Мемлекеттік мекеме басшылары онлайн қабылдаулар жүргізуде"
description: "Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жарлығымен короновирустың таралуына жол бермеу мақсатында ағымдағы жы..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-04-16T06:31:30+00:00"
modified: "2020-04-16T06:31:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-mekeme-basshylary-onlayn-abyldaular-zh-rgizude-854591"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-mekeme-basshylary-onlayn-abyldaular-zh-rgizude-854591/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік мекеме басшылары онлайн қабылдаулар жүргізуде

> Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жарлығымен короновирустың таралуына жол бермеу мақсатында ағымдағы жы...

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жарлығымен короновирустың таралуына жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айында елімізде төтенше жағдай енгізілген болатын.

Короновирустың таралуына жол бермеу мақсатында барлық іс-шаралар онлайн негізде жүзеге асырылуда.

Осыған байланысты, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасы аясында бекітілген кестеге сәйкес, Facebook әлеуметтік желісінің Aqjaiyq Adaldyq Alany парақшасында (аккаунтында) облыстың мемлекеттік мекеме басшылары онлайн қабылдаулар жүргізуде.

2020 жылдың 15 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы М.Қ.Арыспаев онлайн қабылдау жүргізіп, әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына нақты жауаптар берді.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 20 сәуір күні сағат 15.00-де (жергілікті уақытпен) Facebook әлеуметтік желісінде Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы басшылығының онлайн қабылдауы жоспарлануда.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-mekeme-basshylary-onlayn-abyldaular-zh-rgizude-854591](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-mekeme-basshylary-onlayn-abyldaular-zh-rgizude-854591)