---
title: "Мемлекеттік медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында есептік құжаттама нысандарының 4 түрін қағаз жүзінде жүргізілуі жойылды"
description: "2015 жылғы 1 сәуірінен барлық мемлекеттік медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдары..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2015-03-31T23:47:25+00:00"
modified: "2015-03-31T23:47:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-medicinaly-sanitariyaly-al-ash-y-k-mek-yymdarynda-eseptik-zhattama-nysandaryny-4-t-rin-a-487149"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-medicinaly-sanitariyaly-al-ash-y-k-mek-yymdarynda-eseptik-zhattama-nysandaryny-4-t-rin-a-487149/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында есептік құжаттама нысандарының 4 түрін қағаз жүзінде жүргізілуі жойылды

> 2015 жылғы 1 сәуірінен барлық мемлекеттік медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдары...

2015 жылғы 1 сәуірінен барлық мемлекеттік медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарында 4 құжат бойынша қағаз жүзінде есеп жүргізілуі жойылды.

2015 жылғы 19 наурыздағы «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығына толықтылулар енгізу туралы» №153 бұйрығына сәйкес, медицина қызметкерлерінің автоматтандырылған жұмыс орындары бар медициналық ұйымдарында төмендегі құжаттардың электрондық түрде енгізілуі қарастырылған:

- «Дәрігерлерді үйге шақыртуды жазу кітабы» 031/е нысаны;

- «Емханада (амбулаторияда), диспансерде, консультацияда және үйде науқастарды қарауды есепке алу ведомосы» 039/е нысаны;

- «Медициналық ұйымдарға тіркеу талоны» 057/е нысаны;

- «Амбулаториялық науқастарды тіркеу журналы» 278/е нысаны.

Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген құжаттарды қағаз жүзінде қолмен толтыру қажет емес.

Компьютерлерлік техникамен жабдықталуы ескеріліп, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қалалық амбулаториялық-емханалық ұйымдарда бастапқы есеп нысандарын толығымен электрондық құжатайналымына көшіру жоспарлануда.

Ауылдық амбулаториялық-емханалық ұйымдар бастапқы есеп нысандарын электрондық түрде жүргізілуіне 2017 жылғы 1 қаңтар айынан бастап көшеді.

Электрондық құжат айналымына өту үрдісі қосымша қаржыны қажет етпейді, бірақ медициналық ұйымдарды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үшін қаражат керек.

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы медициналық ұйымдардың техникалық қамтамасыз етілуі, соңғылардың есебінен жүргізілетінін атап өту керек.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің а.ж.17 ақпанда өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде Министрліктің басшысы Тамара Дүйсенова, биыл ҚР ДСӘДМ денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін белсенді іс-әрекеттерге кірісетіндігі жөнінде мәлімдегенін естеріңізге саламыз.

Электрондық құжатайналымына көшу есептік құжаттаманы жүргізуде медицина қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға және оларға пациентерді қабылдау және қарау үшін көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-medicinaly-sanitariyaly-al-ash-y-k-mek-yymdarynda-eseptik-zhattama-nysandaryny-4-t-rin-a-487149](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-medicinaly-sanitariyaly-al-ash-y-k-mek-yymdarynda-eseptik-zhattama-nysandaryny-4-t-rin-a-487149)