---
title: "Мемлекеттік мүлік – сенімді қолда"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департамен..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-07-09T00:20:46+00:00"
modified: "2016-07-09T00:20:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-m-lik-senimdi-olda-701420"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-m-lik-senimdi-olda-701420/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік мүлік – сенімді қолда

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департамен...

![Мемлекеттік мүлік – сенімді қолда](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/lX3TqT2f915RwIneQ55iTR62NofcEn.jpg)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент), Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» РММ, Алматы қаласының Білім, Денсаулық сақтау, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Қаржы, Мәдениет басқармаларымен бірлесе отырып, **«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру негіздерінің бірі»** атты конференция өткізді.

Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары мен Мәдениет, Білім, Денсаулық сақтау, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Қаржы басқармалары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаменттері қатысты.

Департаменттің басшысы Бақтияр Камалов кіріспе сөзінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының тетіктері мен мемлекеттік органдардың жұмыстарының ашықтығы мен мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын көтеру және сеніп тапсырылған мүлік пен қаржы көздерін тиімді пайдалану мәселелерін түсіндірді.

Департамент басшысының орынбасары Шынарай Әлімхан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларындағы шараларды жүйелі түрде күшейту арқылы жаңа қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңындағы мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімді жақтарына тоқталды.

Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлбану Әміртаева Білім басқармасына қарасты 243 мектеп, 86 колледж, 392 балабақшада сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік жағдайын жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыруда айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатқандығын баяндады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және сауаттандыру мәселелері жөнінде» курстар ұйымдастыру мәселелері міндеттеліп, 2015-2016 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және сауаттандыру мәселелері жөнінде» іс-шаралар енгізілді. Барлық білім мекемелерінде ата-аналар кеңесі толыққанды жұмыстар жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бағдагүл Әдірәсілова өз сөзінде қала тұрғындарына медициналық қызмет көрсету былтырғы жылға қарағанда биылғы көрсеткіш екі есеге өскенін хабарлады. Медициналық қызмет көрсету орындары тұрғындардың дәрігерге қалай жазылу мен оларды үйге шақыру, скринингті қалай өту мәселелері барлық емханалардың интернет-режимінде жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес барлық тұрғындар тегін дәрілермен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылып жатқандығына тоқталды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаменті басшысының орынбасары Әсем Болатбекова жаңадан құрылған мемлекеттік мекемеде көрсетілетін қызмет түрлерін бір жерден алу мүмкіндігі мен мемлекеттік қызметтер көрсетуде әкімшілік кедергілер азайып, көрсетілетін қызметтердің тиімділігі арта түскендігі жөніндегі мәселелерді мәлімдеді.

Конференция барысында жарыссөзге шыққан Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғалымжан Өтелбайұлы, Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Емберген Құдайбергенов, Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Мейірзат Қалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ескерту жүйесін және құқық бұзушылықты туындататын себептер мен жағдайларды азайту мақсатында өз пікірлерін ортаға салды.

Конференцияның қорытындысы бойынша барлық айтылған ұсыныстарды алдағы уақытта бірлесе отырып шешу ұсынылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-m-lik-senimdi-olda-701420](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-m-lik-senimdi-olda-701420)