---
title: "Мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» корпусына қалай орналасуға болады?"
description: "А корпусы мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің маңызды элементі болып табылады. Бұл – стратегиялық ..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-05-27T22:56:33+00:00"
modified: "2016-05-27T22:56:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-kimshilik-yzmetti-a-korpusyna-alay-ornalasu-a-bolady-695218"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-kimshilik-yzmetti-a-korpusyna-alay-ornalasu-a-bolady-695218/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» корпусына қалай орналасуға болады?

> А корпусы мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің маңызды элементі болып табылады. Бұл – стратегиялық ...

![Мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» корпусына қалай орналасуға болады?](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/5WC0sYfL9ZuWwyU4C2p5WBNhRYS6O3.jpg)

А корпусы мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің маңызды элементі болып табылады. Бұл – стратегиялық шешім қабылдау мен оларды тікелей орындаудың арасындағы белсенді буын болып табылатын кәсіби кадрлық мемлекеттік менеджерлер корпусы. А корпусының кадр резервіне мұқият іріктеуден өткен, өздерінің жоғары кәсіби деңгейін көрсете білген және мемлекеттік басқару жүйесінің өзіндік кадрлық арқауы ретінде қызмет ететін азаматтар барады.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу ережелері Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен бекітілген.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне үміткер азаматтарға арнайы біліктілік талаптары қойылады, олар: білімі бойынша талаптарды;

2) жұмыс өтілі бойынша талаптарды;

3) кәсіптік білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын *(тестілеуді өткен кезде анықталады)*, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды *(ҚР Президентінің жанындағы Кадрлық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үміткермен әңгімелесу жүргізгенде анықтайды )* білуі бойынша талаптарды қамтиды.

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне *(**Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген)* сәйкес, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бірінші және екінші санатқа бөлінеді.

«А» корпусының бірінші санаттағы лауазымдары екі топқа бөлінеді, олар: бірінші санаттың бірінші тобы, бірінші санаттың үш кіші топтан тұратын екінші тобы. Екініш санат екі топқа бөлінеді.

Бірінші санаттың екінші тобы лауазымдардың функциялық бағыттарына және мемлекеттік басқарудың деңгейіне сәйкес кіші топтарға бөлінеді. Бірінші кіші топқа сараптамалық-талдамалық сипаты басым функциялары бар лауазымдар жатады. Екінші кіші топқа орталық мемлекеттік органдардағы және олардың аумақтық органдарындағы ұйымдастырушылық-өкімдік, әкiмшiлiк-шаруашылық және бақылаушылық сипаты басым функциялары бар лауазымдар жатады. Үшінші кіші топқа жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардағы ұйымдастырушылық-өкімдік және әкiмшiлiк-шаруашылық сипаты басым функциялары бар лауазымдар жатады.

Санаттардың топтары бойынша лауазымдардың тізбесі келесі кестеде келтірілген:

**Санат**

**Топ**

**Лауазымдар**

**1**

**1**

**Келесі лауазымдарды қамтиды:** Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Кеңесі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы; облыстар, астана және республикалық маңызы бар қала әкiмдерiнің аппарат басшылары; жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары; Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы.

 

**1**

**2**

**Бірінші кіші топ:** Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушілері; Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппараттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) құрылымдық бөлімшелерінің басшылары **лауазымдарын** **қамтиды.**

 

**Екінші кіші топ:** Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының орынбасарлары; орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары; Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының басшысы және оның орынбасарлары **лауазымдарын** **қамтиды.**

 

**Үшінші кіші топ** облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері **лауазымдарын қамтиды.**

 

**2**

**1**

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының төрағалары **лауазымдары****н қамтиды.**

 

**2**

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының мүшелері **лауазымдарын қамтиды.**

 

«А» корпусының кадр резервіне іріктеу Ұлттық комиссияның ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, мемлекеттік органдардың «А» корпусының лауазымдарын атқару қажеттігі, «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтардың саны ескеріле отырып, екі жылда бір реттен сиретпей өткізіледі және бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды: 1) «А» корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыруды жариялау; 2) кандидаттардың құжаттарын қабылдау және олардың «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау; 3) кандидаттарды тесттен өткізу; 4) кандидаттармен әңгімелесу.

«А» корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган интернет-ресурста және өзі айқындайтын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды.

«А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар уәкілетті органға *(бұдан әрі – Уәкілетті орган)* немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке куәлігінің көшірмесі;

2) уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi;

4) нотариат немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша «А» корпусының кадр резервіне кандидаттың қызметтік тізімі;

6) «А» корпусының кадр резервіне кандидатты ұсынған лауазымды адамның немесе ол жұмыс істейтін ұйымның ұсынымхаты *(Ұсынымхаттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған күннен бастап үш айдан аспайды);*

7) өмірбаян;

8) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органнан сотталғандығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.

9) Ұлттық комиссияның шешімімен айқындалатын құжаттар.

Уәкілетті орган кандидаттардың құжаттарын «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына, Заңның талаптарына сәйкестігін қарайды. Құжаттарды қарау қорытындылары бойынша кандидаттарды тестке қатысуға жіберу не жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Тестілеуден оң нәтиже алған үміткерлер әңгімелесуге жіберіледі.

Ұлттық комиссия қорытынды отырыста үміткерлерді «А» корпусының кадр резервіне қабылдау туралы шешім шығарады.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына «А» корпусының резервшілерін тағайындау, олар «А» корпусының кадр резервіне алынған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты, санатындағы тобы шегінде арнайы біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда және олардың келісімімен жүзеге асырылады.

«А» корпусының мемлекеттік кадр резервіне іріктеуге қатысуға қатысты туындаған барлық сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасына келуге (мекенжайы: Көкшетау қаласы, М. Горький көшесі, 71-үй) немесе 8(716 2) 25-29-62, 25-29-60 телефондары арқылы хабарласуға болады.

**Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р. Братаева**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-kimshilik-yzmetti-a-korpusyna-alay-ornalasu-a-bolady-695218](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-kimshilik-yzmetti-a-korpusyna-alay-ornalasu-a-bolady-695218)