---
title: "«Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің қызметін жыл сайынғы бағалау» бойынша семинар-кеңес өтті."
description: "Ағымдығы жылдың, 11-ші ақпан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-02-11T23:03:21+00:00"
modified: "2015-02-11T23:03:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-kimshilik-yzmetkerlerdi-yzmetin-zhyl-sayyn-y-ba-alau-boyynsha-seminar-ke-es-tti-469393"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-kimshilik-yzmetkerlerdi-yzmetin-zhyl-sayyn-y-ba-alau-boyynsha-seminar-ke-es-tti-469393/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің қызметін жыл сайынғы бағалау» бойынша семинар-кеңес өтті.

> Ағымдығы жылдың, 11-ші ақпан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи...

Ағымдығы жылдың, 11-ші ақпан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті «Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің қызметін жыл сайынғы бағалау» бойынша семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңеске облыстағы мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметінің қызметкерлері мен басшылары қатынасты. Кеңесті департамент басшысының орынбасары Нұрлан Сүйінбаев ашты, Департаменттің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы М.Мырзаш және тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы Ж.Мұратов өз баяндамаларында «Мемлекеттік қызметкерлердің қызметін жыл сайынғы бағалау», «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі туралы» және «Мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссиялардың жұмысын жетілдіру бойынша әдістемелік көмек көрсету» мәселелеріне тоқталып өтті.Н.Б.Сүйінбаев семинар-кеңеске қатысушыларға «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» сөз етті.Семинар-кеңеске қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, олардың барлығына қажетті жауаптар қайтарылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-kimshilik-yzmetkerlerdi-yzmetin-zhyl-sayyn-y-ba-alau-boyynsha-seminar-ke-es-tti-469393](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-kimshilik-yzmetkerlerdi-yzmetin-zhyl-sayyn-y-ba-alau-boyynsha-seminar-ke-es-tti-469393)