---
title: "Қазақстанда экономиканы дамыту: Жекешелендіру және бәсекелестік жоспары"
description: "Ұлттық жекешелендіру кеңсесі 450-ден аса кәсіпорынды нарыққа шығаруды жоспарлайды. Президенттің экономикалық реформалар бойынша негізгі тапсырмалары."
author: "akorda"
published: "2025-09-11T11:00:45+00:00"
modified: "2025-09-11T11:00:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-kasiporyndardy-zhekeshelendiru-negizgi-bagyttar-men-mindetter-1017164"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-kasiporyndardy-zhekeshelendiru-negizgi-bagyttar-men-mindetter-1017164/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанда экономиканы дамыту: Жекешелендіру және бәсекелестік жоспары

> Ұлттық жекешелендіру кеңсесі 450-ден аса кәсіпорынды нарыққа шығаруды жоспарлайды. Президенттің экономикалық реформалар бойынша негізгі тапсырмалары.

**Марат Омаров**:

➤ мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту үшін 450-ден аса кәсіпорынды қамтитын тізім дайындалғанын жеткізді.

Ұлттық жекешелендіру кеңсесі әзірлеген тізімдегі компанияларды бәсекелестік ортаға беру ұсынылады.

➤ негізгі тауарлар нарығындағы бәсекелестікті дамыту жұмыстары аясында биржалық қызмет заңнама талаптары мен қазіргі нарықтық сауда жағдайларына сәйкестендірілгенін айтты.

Бүгінгі таңда 3 тауар биржасы жұмыс істейді, ал Агенттікке аталған саладағы мемлекеттік бақылау функциялары берілген сәтте 22 биржа болған еді.

➤ ведомствоның алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын таныстырды.

**Президент: **

экономиканың басты секторларындағы бәсекелестікті дамытуға, ведомство жүргізіп жатқан тергеулер мен тексерулерге, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғауға байланысты бірқатар тапсырма берді.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-kasiporyndardy-zhekeshelendiru-negizgi-bagyttar-men-mindetter-1017164](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-kasiporyndardy-zhekeshelendiru-negizgi-bagyttar-men-mindetter-1017164)