---
title: "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жаңа стандарттары – сыбайлас жемқорлықты азайту кепілі"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-11-14T05:37:37+00:00"
modified: "2016-11-14T05:37:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-zha-a-standarttary-sybaylas-zhem-orly-ty-azaytu-kepili-726431"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-zha-a-standarttary-sybaylas-zhem-orly-ty-azaytu-kepili-726431/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жаңа стандарттары – сыбайлас жемқорлықты азайту кепілі

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті *(бұдан әрі Департамент)* Алматы қаласы әкім аппаратымен бірлесіп **«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жаңа стандарттары – сыбайлас жемқорлықты азайту кепілі»** атты дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Дөңгелек үстел отырысына Алматы қаласы әкім аппаратының өкілдері, мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдардың басшылары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес қауымдастығының басшылары, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы мен Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің өкілдері қатысты.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасының деңгейі жоғарлауымен бірге азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімі өсетіні туралы ескертіп, Алматы қаласының 81 мемлекеттік органдарының 49 мемлекеттік қызметтерді көрсететінін айтып өтті. Ағымдағы жылдың 9 айында 8 миллионнан астам мемлекеттік қызметтер көсетілді және Департамент тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету саласында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жою мақсатында және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылады деп айтты.

Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Мұрат Бижанов көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған әдісті айта отырып, осы бағыттағы жұмыстар шағын және орта бизнес субъектілерімен тығыз байланыста іске асырылатынын айтты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталығы департаменті директорының орынбасары Оразхан Өксікбаев соңғы бірнеше жылда мемлекеттік қызмет көрсету саласында үлкен өзгерістер енгізілгенін айтты. Бүгінгі таңда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мемлекеттік қызметтің 530 түрін көрсетеді, ал жақында мемлекеттік қызметтің тағы 53 түрі қосылуға жоспарлануда.

Дөңгелек үстел отырысының барысында Алматы қаласы Білім басқармасының құқықтық және құжаттамалық қатамасыз ету бөлімінің басшысы - **Ербол Қанатбекұлы,** Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы - **Михаил Новоселов,** Алматы қаласы Әділет департаментінің басқарма басшысы - **Ербол Мынқожаев** баяндамалар жасады. Талқылау барысында «Ақпараттық ресурстық орталығы» ҚҚ басшысы **Алтынай Көбеева,** Қазақстан кеден брокерлар ассоциациясының басшысы **Геннадий Шестаков,** Еуразиялық франчайзинг ассоциациясының басшысы - **Бекнұр Кисиков** көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған конструктивті ұсыныстар енгізді.

![Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жаңа стандарттары – сыбайлас жемқорлықты азайту кепілі](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/FU0u1cYHo4QDfeucCRrLcsH1FlA4s0.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-zha-a-standarttary-sybaylas-zhem-orly-ty-azaytu-kepili-726431](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-zha-a-standarttary-sybaylas-zhem-orly-ty-azaytu-kepili-726431)