---
title: "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті жиналысы өтті"
description: "А.ж. 14 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ..."
author: "finpolsko"
published: "2017-09-14T22:33:15+00:00"
modified: "2017-09-14T22:33:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-sapasy-boyynsha-vedomstvoaraly-zh-mys-tobyny-kezekti-zhinalysy-t-778878"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-sapasy-boyynsha-vedomstvoaraly-zh-mys-tobyny-kezekti-zhinalysy-t-778878/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті жиналысы өтті

> А.ж. 14 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ...

![Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті жиналысы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/R9SlLevt0QV5YbGg4z3w6FI4YX00iv.jpg)

А.ж. 14 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті жиналысы өтті.

Жиналыста СҚО «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ филиалы «ХҚКО» Департаментімен тұрғындар арасында электронды түрде көрсетілетін қызметтерді алу артықшылықтарын түсіндіру бойынша қабылданған іс-шаралар қаралды. Білім саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды нысанға ауыстыру мәселелері зерделенді. Осы бағытта одан әрі бірігіп жұмыс істеу жөнінде шешім қабылданды.

![Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті жиналысы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/eam4FsfHCx85Dn1zcv7tBbYQd00I4c.jpg)

Сонымен қатар, Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Б.Қ. Енсегенов жұмыс тобының мүшелерін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы бақылау іс-шараларының қорытындысы туралы ақпараттандырды.

Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Бөлімі мен Петропавл қаласы әкімдігіның халықты жұмыспен қамту Орталығының өкілдері тексеріс барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

![Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті жиналысы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/DuLIo8Tw50iaQF0Hhp9MV3yOqGNkQ6.jpg)

Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелерімен баяндаушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындайтын мәселелерді шешу үшін жоспарланатын жұмыстар туралы сұрақтар қойылды.

Жиналыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-sapasy-boyynsha-vedomstvoaraly-zh-mys-tobyny-kezekti-zhinalysy-t-778878](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-sapasy-boyynsha-vedomstvoaraly-zh-mys-tobyny-kezekti-zhinalysy-t-778878)