---
title: "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау"
description: "А.ж. 2 маусымында құқық қорғау органдарымен ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатынд..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-06-04T22:24:23+00:00"
modified: "2017-06-04T22:24:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-ba-ylau-768956"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-ba-ylau-768956/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау

> А.ж. 2 маусымында құқық қорғау органдарымен ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатынд...

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/img-20170602-wa0043.jpg)

А.ж. 2 маусымында құқық қорғау органдарымен ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Ә.Қ. Мұхамеджановпен Ақмола облысының ішкі істер қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес барысында ішкі істер органдарында өткізілген тексеріс қорытындылары сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасының негізгі аспектілері талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-ba-ylau-768956](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-ba-ylau-768956)