---
title: "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар"
description: "А.ж. 21 қазанда Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Қоғамда сыбайлас жемқор..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-10-24T05:35:03+00:00"
modified: "2016-10-24T05:35:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-k-rsetiletin-yzmetter-salasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-sharalar-720832"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-k-rsetiletin-yzmetter-salasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-sharalar-720832/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

> А.ж. 21 қазанда Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Қоғамда сыбайлас жемқор...

А.ж. 21 қазанда Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру жөніндегі 2016 жылға арналған кешенді жоспардың шеңберінде «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалының арнасында, «Актуальная тема» телехабарында жер қатынастары және ауыл шаруашылығы салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері жөнінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыбындағы тікелей эфир ұйымдастырды.

Хабарға Ақмола облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының орынбасары Н. Шерьязданов пен Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары С. Киласьев қатысты.

Сұхбат барысында облыс тұрғындарын көрсетілетін қызметтер сапасының негізгі көрсеткіштері туралы хабардар ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылардың құқықтары туралы және оның сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ету шараларына байланысы тұрғысынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы азаматтардың хабардар болуын арттыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, сұхбатқа қатысушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес процестерін оңтайландыру, атап айтқанда, бюрократиялық кедергілерді жою және қызмет көрсету ресімдерін жеңілдету мәселелерін ортаға салды.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/1111.png)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-k-rsetiletin-yzmetter-salasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-sharalar-720832](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-k-rsetiletin-yzmetter-salasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-sharalar-720832)