---
title: "Мемлекеттік бағдарламаларға өтінім беру аяқталды"
description: "Шымкент қаласында тұрғын үй-коммуналды инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында «2-10-20» және «5-10-20» бағдар..."
author: "journalist_n"
published: "2025-11-13T11:44:16+00:00"
modified: "2025-11-13T11:44:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-bagdarlamalarga-otinim-beru-ayaktaldy-1018434"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-bagdarlamalarga-otinim-beru-ayaktaldy-1018434/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік бағдарламаларға өтінім беру аяқталды

> Шымкент қаласында тұрғын үй-коммуналды инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында «2-10-20» және «5-10-20» бағдар...

**Шымкент қаласында тұрғын үй-коммуналды инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Таяуда **[оtbasybank.kz](http://оtbasybank.kz)** жылжымайтын мүлік порталында 2-10-20 және 5-10-20 бағдарламаларына өтінім беру аяқталды.**Атап айтқанда Қаратау ауданы Бозарық шағынауданында осы бағдарламалар аясында көп қабатты 12 үй бөлінді. Онда жалпы саны 444 пәтер бар. Оның ішінде 1 бөлмелі – 111 пәтер, 2 бөлмелі – 111 пәтер және 3 бөлмелі 222 пәтер бар.Баспананың 1 шаршы метрі 221 300 теңгеге бағаланған.Ал іріктеу кезеңі брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күнінде өтеді. Айта кетейік, бүгінде ҚР заңдарына енгізілген өзгерістерге байланысты есепке алу баспанаға мұқтаж азаматтардың есепке қойылған күні мен табыс деңгейіне сәйкес жүргізіледі.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-bagdarlamalarga-otinim-beru-ayaktaldy-1018434](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-bagdarlamalarga-otinim-beru-ayaktaldy-1018434)