---
title: "Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі сыбайластықты жою механизмдері"
description: "Қазіргі таңда жаппай бұқара санасында жемқорлық түйіткіл мәселелерді шешудің оңтайлы жолы деп қабылд..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-09-25T22:50:12+00:00"
modified: "2017-09-25T22:50:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-ba-darlamalardy-zh-zege-asyru-she-berinde-k-rsetiletin-memlekettik-yzmetterdegi-sybaylas-779827"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-ba-darlamalardy-zh-zege-asyru-she-berinde-k-rsetiletin-memlekettik-yzmetterdegi-sybaylas-779827/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі сыбайластықты жою механизмдері

> Қазіргі таңда жаппай бұқара санасында жемқорлық түйіткіл мәселелерді шешудің оңтайлы жолы деп қабылд...

![Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі сыбайластықты жою механизмдері](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/QN5190u4tVjQ3m4yDjrYmGH9aBjUs5.jpg)

Қазіргі таңда жаппай бұқара санасында жемқорлық түйіткіл мәселелерді шешудің оңтайлы жолы деп қабылданады. Мұндай жемқорлық халық арасында жемқорлық сананың қалыптасуына, мемлекеттік билік аппаратының, соның ішінде жас мамандардың ыдырауына алып келеді. Осылайша, жемқорлықпен күресте біріктіруші күш жастар мен үкіметтік емес ұйымдар болды.

Осыған орай, 2017 жылғы 21 қыркүйекте «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы департаментінің Кешенді жоспарын орындау аясында «Жасыл болашақ» ҚҚ бірлесіп «Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі сыбайластықты жою механизмдері» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Аталған дөңгелек үстелдің басты мақсаты мемлекеттік органдардың мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі есебін тыңдау.

Жиналыс барысында сөз сөйлеген Департаменттің Мемлекетікқызмет көрсету басқармасының басшысы Ә.Мұхамеджанов, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету барысында ашықтығына, жемқорлық тәуекелдерінің және әкімшілік тосқауылдардың болмауына баса назар аударды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-ba-darlamalardy-zh-zege-asyru-she-berinde-k-rsetiletin-memlekettik-yzmetterdegi-sybaylas-779827](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-ba-darlamalardy-zh-zege-asyru-she-berinde-k-rsetiletin-memlekettik-yzmetterdegi-sybaylas-779827)