---
title: "Мемлекетіміздегі отбасы мен балаларды қорғау бағытындағы жасақталған құқықтық база негіздері"
description: "Кәмелетке толмағандарды қорғау, мектеп-интернатта тәрбиеленіп жатқан жетім, мүгедек және ата-ана қа..."
author: "ceka"
published: "2013-07-02T05:02:15+00:00"
modified: "2013-07-02T05:02:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memleketimizdegi-otbasy-men-balalardy-or-au-ba-ytynda-y-zhasa-tal-an-y-ty-baza-negizderi-360667"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memleketimizdegi-otbasy-men-balalardy-or-au-ba-ytynda-y-zhasa-tal-an-y-ty-baza-negizderi-360667/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекетіміздегі отбасы мен балаларды қорғау бағытындағы жасақталған құқықтық база негіздері

> Кәмелетке толмағандарды қорғау, мектеп-интернатта тәрбиеленіп жатқан жетім, мүгедек және ата-ана қа...

Кәмелетке толмағандарды қорғау, мектеп-интернатта тәрбиеленіп жатқан жетім, мүгедек және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың оқып-тәрбиеленуіне қолайлы жағдай туғызу – **Облыстық білім беру департаменттегі** алқа мәжілістері мен жиналыстарда, **Қалалық, аудандық білім беру бөлімідері, Облыстық білім беру ұйымдарындағы **педагогикалық кеңестер мен семинарларда қаралатын ең басты мәселелер болып табылады. Қаралған алқа мәжілістерінің шешімімен байқалған кемшіліктерді жою мен сол кемшіліктерді болдырмау мақсатында іс-шаралар құрылып, барлық мәселелер департаментте және департамент директорының бақылауында тұрады. Бүгінгі күні бала құқықтарын қорғау – тәрбиенің басты мәселелерінің бірі. Оған барша қауым, мектеп ұстаздары, әсіресе ата-аналар кеңесінде бұл мәселелер жиі талқыланып, ортақ шешім қабылдауға өз септігін тигізуде деген үлкен сенімдеміз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memleketimizdegi-otbasy-men-balalardy-or-au-ba-ytynda-y-zhasa-tal-an-y-ty-baza-negizderi-360667](https://yvision.kz/kk/post/memleketimizdegi-otbasy-men-balalardy-or-au-ba-ytynda-y-zhasa-tal-an-y-ty-baza-negizderi-360667)