---
title: "Мемлекет пен кәсіпкерліктің әріптестігі"
description: "А.ж. 21 қазанда «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде Жақсы ауда..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-10-25T06:34:01+00:00"
modified: "2016-10-25T06:34:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memleket-pen-k-sipkerlikti-riptestigi-721171"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memleket-pen-k-sipkerlikti-riptestigi-721171/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекет пен кәсіпкерліктің әріптестігі

> А.ж. 21 қазанда «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде Жақсы ауда...

А.ж. 21 қазанда «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде Жақсы ауданының әкімдігінде «Шенеунік және кәсіпкер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Жақсы ауданының кәсіпкерлері қатысты және сыбайлас жемқорлық мәселелері талқыланды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларының куәгері болған жағдайда хабарласу үшін аудан кәсіпкерлерінің назарына сенім телефонының нөмірі жеткізілді.

Кәсіпкерлік азаматтық-құқықтық реттеу объектісі болып табылады. Азаматтық құқықтық нормалары тек құқықтық қатынасты дұрыстау ғана емес, сонымен қатар, кәсіпкерлік саласында туындайтын мәселелерді, соның ішінде кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін жемқорлықтан қорғауға бағытталған бірқатар нормаларды қамтиды.

Іс-шараға 17 адам қатысты.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/sayt_53.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memleket-pen-k-sipkerlikti-riptestigi-721171](https://yvision.kz/kk/post/memleket-pen-k-sipkerlikti-riptestigi-721171)