---
title: "Мемлекет Басшысының институционалды реформалары статистика департаментінде қаралды"
description: "ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша депа..."
author: "finpolsko"
published: "2015-08-12T03:09:43+00:00"
modified: "2015-08-12T03:09:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysyny-institucionaldy-reformalary-statistika-departamentinde-araldy-529035"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysyny-institucionaldy-reformalary-statistika-departamentinde-araldy-529035/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекет Басшысының институционалды реформалары статистика департаментінде қаралды

> ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша депа...

![Мемлекет Басшысының институционалды реформалары статистика департаментінде қаралды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/v1A9nm6xMfUTGy31vEY9IRq96Nuhb7.jpg)

**ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің мобильдік-насихат тобы Мемлекет Басшысының бірінші институционалды реформасын түсіндіру жөніндегі ақпараттық семинар өткізді.**

Ағымдағы жылғы 11 тамыздағы кездесу Солтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінде өтті.

Мекеме ұжымына 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылу барысы туралы ақпарат беріліп, бірінші институционалды реформаны іске асыру аясында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша концептуалды ұсыныстар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы таныстырылды.

Бұған қоса, кадрлік қызметтің жұмысшылары жаңа заң жобасы қабылданғаннан бастап мемлекеттік органдарының жұмыс тәжірибесіне енгізуге жоспарланған, этика бойынша уәкілетті институтының енгізілуі белсенді талқылады.

Семинар барысында келіп түскен сұрақтардың барлығына Департамент қызметкерлері нақты түсініктеме берді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysyny-institucionaldy-reformalary-statistika-departamentinde-araldy-529035](https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysyny-institucionaldy-reformalary-statistika-departamentinde-araldy-529035)