---
title: "Мемлекет басшысы жаңа министрді қабылдады"
description: "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып 6 мамырда тағайындалған Жаслан Мәдиевті қабылдады. Жаслан Мәдиев: ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндады:..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-14T12:39:54+00:00"
modified: "2024-05-14T12:39:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysy-zha-a-ministrdi-abyldady-1004623"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysy-zha-a-ministrdi-abyldady-1004623/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекет басшысы жаңа министрді қабылдады

> Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып 6 мамырда тағайындалған Жаслан Мәдиевті қабылдады. Жаслан Мәдиев: ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндады:...

*Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып 6 мамырда тағайындалған Жаслан Мәдиевті қабылдады.* ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/0644659ab4042f0491c5495e95a908.jpg) Жаслан Мәдиев: ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндады: – мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан; – реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралған. Сондай-ақ GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау үдерісі басталған;

жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет берді;

отандық IT-компаниялардың экспорт нарықтарына шығу перспективасы туралы айтты.

Президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыру, халықаралық IT-алпауыттармен ынтымақтастықты жандандыру және экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді. [t.me/aqorda_resmi](https://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysy-zha-a-ministrdi-abyldady-1004623](https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysy-zha-a-ministrdi-abyldady-1004623)