---
title: "Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады"
description: "Кездесу барысында Елбасыға Алматыда өткен Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ұйымдастырылуы жөнінде ..."
author: "Mki_gov"
published: "2017-02-09T21:47:55+00:00"
modified: "2017-02-09T21:47:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysy-m-deniet-zh-ne-sport-ministri-arystanbek-m-hamedi-lyn-abyldady-755043"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysy-m-deniet-zh-ne-sport-ministri-arystanbek-m-hamedi-lyn-abyldady-755043/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

> Кездесу барысында Елбасыға Алматыда өткен Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ұйымдастырылуы жөнінде ...

Кездесу барысында Елбасыға Алматыда өткен Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ұйымдастырылуы жөнінде есеп берілді. – Қазақстан 2017 жылғы универсиаданы тиісті деңгейде өткізді. Бұл жарыста біздің спортшыларымыз өздерінің шеберліктерін танытып, жоғары нәтижелер көрсетіп, өскелең ұрпаққа үлгі бола білді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мәдениет және спорт министрі Қазақстан Президентіне қысқы сайыстар қорытындылары мен бұқаралық спортты одан әрі дамыту жолында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. – Қазіргі уақытта министрлік Жапонияда өтетін қысқы Азиада мен 2018 жылы Корея Республикасында өтетін Олимпиялық ойындарға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді А.Мұхамедиұлы. Сондай-ақ, Елбасы классикалық өнерді, кино индустриясын одан әрі дамытудың, жас дарындарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysy-m-deniet-zh-ne-sport-ministri-arystanbek-m-hamedi-lyn-abyldady-755043](https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysy-m-deniet-zh-ne-sport-ministri-arystanbek-m-hamedi-lyn-abyldady-755043)